2024 жылғы 12 қыркүйекте БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Қырғызстан құрамасының көкпар ойыншысына ҰҚК қызметкері қысым көрсеткені туралы ақпарат таралды. Бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ҰҚК баспасөз қызметі растады.
«ҰҚК қызметкерлері 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан жоқ», — делінген хабарламада.
ҰҚК тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.