Site icon Мейірімді қоғам

Алматыда Шекара академиясының курсанты қайтыс болды: ҰҚК түсінік берді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бүгін түнде Алматыдағы Шекара академиясы курсантының өліміне қатысты түсініктеме берді.

«2024 жылғы 22 қыркүйекте Алматы қаласының көпқабатты тұрғын үйінің ауласынан кезекті демалысқа босатылған 3-курс курсантының мәйіті табылды. Өліміне биіктен құлау себеп болған. Полиция органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Түрткі болған жағдайлар анықталып жатыр», — деп жазылған ҰҚК хабарламасында.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде ҰҚК Шекара академиясы курсантының қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Түнгі уақытта 19 жастағы жігіт Алматыдағы Достық даңғылындағы көпқабатты үйден секіріп кеткен. Бұл факті бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.

«Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», — деп түсіндірді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Exit mobile version