Site icon Мейірімді қоғам

Қасым-Жомарт Тоқаев «Зенченко және К» директорына алғыс жариялады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Зенченко және К» КС директоры Геннадий Зенченкоға алғыс жариялады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Отандық агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, саланың бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуетін арттыруға қосқан зор үлесі үшін «Зенченко және К» КС директоры Геннадий Геннадьевич Зенченкоға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғысы жарияланды» делінген хабарламада.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановпен кездескен еді.

Exit mobile version