Site icon Мейірімді қоғам

Төтенше жағдай шығынын бизнестен тыс көздерден өтеу тетіктерін ойластырамыз — Қанат Бозымбаев

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында республикалық және жергілікті бюджеттердің төтенше жағдайларға арналған резерв мөлшері нақты бекітілетінін айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, су тасқыннан барлық зардап шеккендерге қысқа мерзімде үйлерді сатып алу және салып беруі тек ірі отандық кәсіпкерлердің арқасында мүмкін болды. Олардың қаржылай қолдаудың арқасында 260 млрд теңге демеушілік қаражат тартылды. Бұл жағдайда бизнес үлкен әлеуметтік жауапкершілік танытты. Алайда алдағы уақытта төтенше жағдайлардан зардап шеккендердің шығындардың өтеудің жаңа шаралары мен тетіктерін қарастыру қажет. Республикалық және жергілікті бюджеттердің төтенше жағдайға арналған резервтің төмендетілмейтін сомасын айқындау қажет», — деді ол.

Вице-премьер мүлікті төтенше жағдайдан сақтандырудың оңтайлы моделі керек екенін атап өтті.
Мүлікті төтенше жағдайдан міндетті сақтандырудың оңтайлы модельдерін анықтап, табиғи апат қаупі бар аймақтарда енгізуді бастау қажет.

«Сонымен қатар, catastrophе bond-тар (сақтандыру облигациясы – ред.) механизмін енгізу керек», — деді Қанат Бозымбаев.

Exit mobile version