Site icon Мейірімді қоғам

Ақтау әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Ақтау халықаралық әуежайында ұшу және қону уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды жергілікті lada.kz.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, редакцияға Ақтау тұрғындарынан шағымдар келіп түсіп жатыр. Олар бүгін, 29-қыркүйек күні Мәскеу, Астана мен Алматыдан ұшып келе алмаған.

«Біздің туысымыз бүгін Мәскеуде Ақтау рейсіне тіркеуден өтті, енді ұшаққа отыруы керек еді. Алайда ұшу уақыты кейінгі шегерілді, қанша уақытқа екені белгісіз» — дейді жергілікті Михаил есімді тұрғын.

Ақтау әуежайынан хабарлағандай, күн райына байланысты 8 рейс уақытынан кешігіп жатыр. Нақтырақ айтқанда Мәскеуден келетін рейс 30-шы қыркүйекке қалдырылды. Нақты уақыты әзірге белгісіз.

Бейресми мәліметтерге қарағанда, Ақтау әуежайындағы ұшу жолақтарының бірі жөндеуден өтіп жатыр. Екінші жолаққа желге байланысты ұшақ қабылданбай жатыр.

Exit mobile version