Site icon Мейірімді қоғам

Ақша айырбастау: шетел валюталары неше теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 478 — 482 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 1 қазанға арналған ресми бағамы – 1 долларға 481,19 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,18 теңге.

Еуро – 538,45.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 479,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 480,9 теңге. Еуро 534,5 – 538,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 478 теңге, сатып алу құны – 482 теңге. Еуро 532 теңгеден сатылып, 538 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,12 — 5,22аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 30 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,61 теңгеге қымбаттап, 481,11 теңге болған. 

Exit mobile version