Site icon Мейірімді қоғам

Қарттарым аман сау жүрші

CREATOR: gd-jpeg v1.0 (using IJG JPEG v62), quality = 90

«Үніндей гармофонның қайран дауысым, шалдығып шабан аттай қалған екен» дейтін ән сөзіндегідей уақыт озған сайын адамның ағзасы тозып, тіпті, дауыс ырғағыңа дейін бұзылатыны табиғи құбылыс қой. Дегенмен «құдай сақтансаң сақтайды» дейтін мақалдағыдай, «аурып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейтін дәргери кеңес, қағидада айтылғандай адам өзінің денсаулығын күте білу – ұзақ жасаудың кепілі екенін ұмытпайық. Адам өз денсаулығын өзі дер кезінде күте алмағандықтан болып орасан өкінішке қалып жатады, біздің салғырттығымыз бәрін кеш ойлайтыныдығымыз, мән бермейтініміз үлкен қателік деп ойлаймын. Адамдар қыйындыққа тап болғанда, ауыр жағдайға ұрынғанда өзгеден көре бастайды, не құдайдан көреді, бұл деген ақылсыздық. Мені «құдай ұрды» деп айтуға әсте болмайды. Құдай өзінің жаратқан құлын ұрмайды. Адам жақсылық немесе қандай бір жамандық көрсе  тұра өзінен болады. Алла «сақтансаң сақтаймын» деп не үшін айтты. Егделегендікі болар, біз бүгін осыны ойлайтын жастамыз. Жалпы өзімізге мән беріп, ден саулығымызды күте білудің өзі ақылдылық. Ауырғаннан кейін қаншама жүгірсең де, тіпті дүниені шарлай берсеңде «шыбын жаныңа» шипа табылмағанда ғана түсінгендейсің.

«Елу – ердің жасы» деген мақал да тегін айтылмаған. «Алпыс- тал түс» деп алпыс жасты қанша әспеттесек те, бұл жас қәріліктің алды екенін мойындауға тура келеді. Елу жасқа дейін адамның табиғи энергиясы қалыпты болғандықтан ерекше күтім талап етпейді. Алпысқа жеткен соң денсаулыққа мән бермеу ағзаның тозуын жиілетеді екен. Осы тұрғыда барлықтарыңызға денсаулықтарыңызға ерте мән беріңіздер, күтініп жүріңіздер дегенді бүгінгі қариялар күні әдейі естеріңізге салып отырмын. Ден саулықты сақтайтын амал, тәсіл, жолдардың көп екенінін өздеріңізде жақсы білесіздер. Соған қосып біле жүрсе артық болмас деген ізгі ниетпен жалғыз, жарым ұсынысымды ортаға қысқа да, нұсқа ұсынайын:

Бірінші, Әуелі адам организімі ішінде жүрек пен қан тамырлардың орны ерекше екенін ұмытпайық. Қазіргі медициналық жетістіктерді пайдалана отырып жүрекке күтім жасаудың, қан тамырларды тазалап отырудың пайдасы зор. Адам жасы ұлғайған сайын жүрекке қан айналдырып тұрған төрт үлкен тамырдың бітелу қауіпі өте жоғары, мұндай жағдай адамды тұра өлімге жетелейді. Ең алдымен осыдан сақтану үшін қан тамырларын тазалайтын микардин дәрісін, немесе қан сұйылтатын дәрілерді үнемі ішіп жүру дұрыс. Тіпті болмағанда С витаминнен бастап, лимон сығындысын тұрақты ішіп жүру өлімнен сақтай алады. Әсіресе жүрекке салмақ түсірмес үшін ауыр тағамдарды азайтып түрлі көкөністер мен жеміс жидек, лимон, асқабақ, шаңбыр сияқты қол жетімді өнімдерді көп пайдалану керек екен. Қантамырларға, адам денесіндегі ауыруларды жоюға Алтай бетінің қарақат, қызылқат, тошаласы, тау сармисі, шырғанағы, шиповник сияқты жемістері ерекше пайдалы. Екінші, Адам өміріне қауіп төндіретін тағы бір жағдай ол, асқазан, ішек, қарын, бүйрек, бауырларды үнемі тазалап жүрмеудің кесірінен болады. Адам денесіндегі жиналған паразиттер жинала келе рак ауыруына шалдықтыратынынын дәргерлер үнемі ескертіп келді. Бұдан сақтану үшін пирантокс ішуге, іштегі, денедегі паразиттерді жоғалтатын түрлі емдік шөптер, асқабақ, қызанақ сияқты ішқудыратын жемістерді пайдалана білу дұрыс. Пирантокс ол табиғый биология орталығының өнімі. Егер ашқарынға күніне бір қызанақ-помидор жеп отырсаңыз да дерматит, псориаз, экзема сияқты тері ауыруларын жоғалатады. Мысалы қырыққабақ, қызыл қызылша, сұлының сүті, сәбіз, жабайы сәрмістердің ден саулыққа әсері мол, бәрі  пайдалы, оның үстіне дәрілік шөптердің оры тіптен бөлек, осыларды ауырмай тұрып пайдаланса артық болмайды.  Олар мен қоса жалпы ас адамның арқауы екенін ұмытпайық. Көңілің шапса, сүйген тамағыңды же, бірақ көкөністің және ақтамақтың теңдесі жоқ пайдасын да ұмытпа. Бір айтарлығы тәттілік өнімдерді аз пайдалануды адамдар түсіне бастады.

Қазақ күллі өмірдің жақсы жаман болмыстарын қалт жібермей бақылап, өзгеге өнеге ету жағынан да дана халық. Соның бір дәлелі көңіл күйді көтеріңкі ұстаудың маңыздылығын жете түсініп, көңіліңді қартайтпа дейді. «Он сегіздегі қыз кетіп бара жатыр дегенде сексендегі шал басын көтеріп қарапты» дейтін әзіл болса да тәмсіл осыдан қалса керек. Әрине, өмір болған соң қызықты сәттер мен басқа түсетін қиындықтар көп жағдайда алма кезек бастан өтіп жатады. Осындай кезде қайратқа сүйеніп көңіл күйіңді түсірмеу қартаймаудың бір кепілі. Жоқ нәрсеге бордай егілмей, тастай қатты болу керек. Адам аштықтан, арықтықтан ешқашан өлмейді. Ал уайым-қайғы, стрес сәт сайын ғұмырыңды қысқартып, жарық күніңді жалған дүниеге айналдыруға әсер етеді. Адамдар бірін бірі жақсы көруді, күнделікті күлімсіреп жүруді, бір біріне мейірімді, қайырымды болуды бабалар бізге жай ғана аманат еткен жоқ, тірі жүруімізге, уайым қайғысыз өмір сүруіміз үшін, ұрпағы үшін әдейі тапсырып кеткен «Мен ауырмаймын, тірі жүруге тиістімін, ол менің өз қолымда»  деген асқақ рух болса, жасыңа жас қосылары сөзсіз.

Сезімі күйрек кейбір қарттар жоқ нәрсе үшін күйініп, қайғырып, «мені құдай ұрды» деп, қиыншылықты тез мойындайды. Әрине, пенденің  ғұмыры бір Алланың қолында. Бірақ құдай пендесін ешқашан ұрмайды, тек түрлі қиыншылықтармен сынайды. Тіпті, хакім Абай айтқандай «ауруды жаратқан құдай, сені ауыртқан құдай емес», тірлікті қым-қуыт түрлі жолы деп ұққан жөн. Қым-қуыт жолды парсатыңмен, өр рухыңмен жеңіп шығуға болады.

Бәрін айт та, бірін айт, мына екі нәрсеге ерекше көңіл бөл. Бірінші сен табиғаттың өнімісің, табиғат сенің ағзаңмен біте қайнасқан таза ауамен жеткілікті тыныста, болмағанда ауық ауық тысқа шығып таза ауамен тыныста. Ал халіңнің барында серуенге шық, сарайың ашылады, санаң серпіледі. Өзен жағала, орман тоғай арала. Екінші қозғалыссыз жатқан адамды қазақ «өліп жатырсың ба?» дейді. Философияға жүгінсең де, ғылымға жүгінсең де тіршіліктің көзі –қозғалыс. Қозғалысты  тоқтатсаң ажалға жақындағаның. Алға! Қарттарым, қыбыр-қыбыр болса да қимылымызды тоқтатпай, топырақ қозғалтып жүре берейік. Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

                                         Үзбен Құрманбайұлы, қоғам қайраткері

 

Exit mobile version