Site icon Мейірімді қоғам

Астанада оқушы қыздарға қырындаған мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Әлеуметтік желіде астаналық ұстаздың оқушы қыздарға қырындап, мазасын алып жүргені туралы видео тарап, дау шықты. Істің мән-жайын қалалық білім басқармасынан сұраған едік.

«Мұғалім 2024 жылғы 2 қыркүйектен бері сынақ мерзімінде жұмыс істеді. Мектепішілік тәртіп комиссиясының шешімімен педагог 2024 жылғы 30 қыркүйекте жұмыстан босатылды», — деген ақпарат алдық басқарманың баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай ұстазды ҚР Еңбек кодексінің 52 бабы, 14 тармағы негізінде (тәрбиелеу функцияларын атқаратын жұмыскер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, моральға қайшы қылықтар жасаған) жұмыстан босатқан.

Ата-аналар шу шығарғаннан кейін жұмыстан қуылған мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді, тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды», — деп растады елорданың полиция департаменті.

Сондай-ақ, еліміздің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын желіде жазды.

Exit mobile version