UEFA Чемпиондар лигасының екінші турында Испанияның «Реал Мадрид» командасы жеңілістің ащы дәмін татты.
Мадридтік клуб бұл турда сырт алаңда Францияның «Лилль» командасымен шеберлік байқасты. Аталған кездесуде испаниялық команда қарсылас қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Есесіне өз қақпасына бір гол жіберіп, үш ұпай жоғалтты. Есеп — 0:1.
Дәл осындай есеппен Германияның «Бавариясы» сырт алаңда Англияның «Астон Вилла» клубынан жеңілді.
Сондай-ақ аталған турда украиналық «Шахгер Донецк» Италияның «Аталантасынан» 0:3, Германияның «Лейпцигі» италиялық «Ювентустан» 2:3 есебімен жеңіліп қалды.
Ал англиялық «Ливерпуль» Италияның «Болоньясын» 2:0, португалиялық «Бенфика» Испанияның «Атлетико Мадридін» 4:0, австриялық «Штурм» Бельгиясын «Брюггесін» 1:0 есебімен қапы қалдырды.
Аталған турда «Жирона» (Испания) мен «Фейеноорд» (Нидерланд) 3:3, «Динамо Загреб» (Хорватия) пен «Монако» (Франция) 2:2 есебіне қанағат білдірді.
Енді алдағы тур ойындары 22 және 23 қазан күндері өткізіледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын екінші турдың алғашқы ойын күні өтті.