Site icon Мейірімді қоғам

Өзбекстан билігі интернетте есірткі жарнамалағандарға жазаны күшейтті

Өзбекстанда телекоммуникация желілерін пайдаланып және кәмелетке толмағандарды тарта отырып, есірткі немесе психотроптық заттарды жарнамалағандарға заң күшейді№

Тиісті түзетулер Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Әкімшілік кодекстерге енгізілді. Құжатқа 5 қазанда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеёв қол қойды.

Аталған кодекстерге жаңа баптарды енгізу жөніндегі шешімді Олий Мәжілістің заң шығарушы палатасы биыл сәуірде қабылдаған, кейін оны маусым айында сенаторлар мақұлдады.

Оған сай, интернетте есікрткі немесе психотроптық заттарды жарнамалағандарға қылмыстық және әкімшілік жаза қолданылады.

Сондай-ақ, есірткіні сату мақсатын көздемей, сақтағандарға да жауапкершілік қатаң болмақ. Бұл бап бойынша қолданылатын ең ауыр жаза — 3 жылға бас бостандығынан айыру.

Exit mobile version