Site icon Мейірімді қоғам

Қазақстан азаматтығын алу: Үміткер қазақ тілін білуге міндетті

Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан азаматтығын алу процесіндегі жаңа талаптарды бекітті.

«Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қабылдау кезінде қарапайым деңгейде мемлекеттік тілді кемінде 36 балл, ҚР Констиуциясының негіздерін кемінде 9 балл, сонымен қатар Қазақстан тарихын кемінде 15 балл білу көлемі бекітілсін», — делінген құжатта.

Аталған бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін министрлік елімізде Республикалық орфографилық комиссия құрылатындығын мәлім еткен болатын.

Құжатқа сәйкес, жаңа комиссияның жұмысына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері мен ғалымдар тартылады.

Exit mobile version