Site icon Мейірімді қоғам

  Есте қалған естелік

Мизамхан өте іскер, қасиетті азамат еді, осы сапар арқылы жолы ашылды. Оның қазақ еліне деген ықылас, сезімі артып, көңілді оралды. Онан кейінгі жылдары Елбасымен жеті рет кезікті. Көптеген игі істер тындырды. Тәуелсіз Қазақ елі мен шетелдердегі қазақтардың арсындағы «Ұлы көшті» біздің қазақтар бастады. Осы ізгілік жолына Мизамхан Күнтуғанұлы аймақ әкімі тұрғысында үлкен үлес қосты. Моңғолия мемлекетіне де беделді болды.

    Тағы бір күні маған Мизаш айтады:  

— Үзбен, біз Қазақстаннан қол үзбеспіз, бірақ  сен екеуіміз үкіметтің қара тізіміне кіріппіз,- дейді.

— Не қылған қара тізім?  Біз үкіметке қандай жамандық істеппіз?

— Жоқ,  шын айтамын, мен қара тізімнің №11-інде, сен №12- шісінде тұр екенбіз,- деп қарқылдап күлді…. . 

    Осы сәттен бастап, атажұртпен байланысмыз күн санап нығайып, игілікті істер ұлы көшке айналды, мұны біз қазағым енді қайта көшпесін деп ырымдап «соңғы көш»  деп атадық.

Қазақ елінің қамқорлығы осылай басталды

              

Р.S:  Мен жоғарыда Қазақстанға барған сапарымыздағы қойған мәселе, атажұрттағы лауазымды азаматтардың берген жауабы жайлы айттық. Бір қуанарлығы берген жауаптарының бір де-бірі құрғақ уәде болған жоқ. Барлығында айтқандарындай сол жылы орындады. Қандай қайырымдылық, неткен жанашырлық!Барлық шығынды мойндарына алды,оның үстіне ұшақ алаңына бағдар апаратын жаңадан орнаты. Қазақ елінің бұл жан ашырлығын мен өзбасым мәңгілік ұмытпаймын.

 

 

Exit mobile version