Site icon Мейірімді қоғам

Ризабек Айтмұқан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Тиранада (Албания) 23 жасқа дейінгі жастар арасында еркін күрестен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ризабек Айтмұқан жеңімпаз атанды.

Қазақстандық балуан 97 келіге дейінгі салмақта финалда ирандық Махди Морафамен белдесті.

Бірінші кезең 2:2 есебімен тең аяқталғанымен, соңғы ұпайды Ризабек алды. Екінші кезеңде ол 6:2 есебімен алға шықты. Сосын 10:4-ке жеткізді. Қорытынды есеп – 11:6, Ризабектің пайдасында.

Р.Айтмұқан 2023 жылы ересектер арасында әлем чемпионы атанса, биыл 20 жасқа дейінгілер арасында дүниежүзілік додада топ жарғаны белгілі.

Тағы бір қазақстандық Алан Оралбек (57 кг) қола жүлде үшін бәсекеде ресейлік Юнус Явбатыровпен белдесіп, 2:6 есебімен есе жіберді. Сөйтіп ол медальсіз қалды.

Дүйсенбі күні грек-рим күресі шеберлері де кілемге шығады.

Exit mobile version