Site icon Мейірімді қоғам

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет еліміз бойынша 5-7 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

 

Синоптиктердің мәліметінше, 5 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде барикалық алқаптардың тез өзгеруімен тұрақсыз ауа райы болады. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел болып, тұман басады.

6 қарашада еліміздің батысында, солтүстігінде, 06-07 қарашада шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады. Тек 5 қарашада солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.

Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 3-5 градус аралығында, таулы аудандарда 8 градус аяз, күндіз 0-7 градус жылы болады. Ал таулы аудандарда 2 градус аяз болмақ.

Exit mobile version