Баспа сөз баяны
Қоғамдағы әрбір жаңалықтың қырағы жаршысы, құрметті журналистер қауымы, Сіздердің еңбектеріңізге толайым табыс тілей отырып, кітап-журналдардың жарық көру рәсіміне шақырамыз.
1.Сіздерді белгілі қоғам қайраткері, Саяси-қоғамдық тақырыптағы көптеген кітаптардың авторы, «Әлем Қазақтары» журналының бас редакторы Үзбен Құрманбайұлының кезекті еңбегі «Адамзаттың ақ жолын Мейірімділік заңдылығы ғана ашады» кітабы бүгінгі қоғамды тығырықтан шығаруға, халықты тыныштандыруға, әлемді азаматтық қоғамға бет бұруға бағытталып отыр. Еркіндік демократиялық заңдылығын Мейірімділік заңдылығымен ұштастыру арқылы бейбітшілік, әділдік, тепе-теңдік орнатып, адамдарды байлық пен бақытқа жеткізуге болатынын жан-жақты дәлелдеген бұл еңбектің адамзат баласына тигізер пайдасы ұшан теңіз. Ең негізгісі әлем халқын үрейсіз, қорқынышсыз жарқын болашақ күтіп тұрғанын қазақ даналығы арқылы дәлелдеуімен ерекшеленіп отыр. Кітап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылып БҰҰ-ның бас хатшысына ұсынылған.
2.Оның үстіне шеттегі жеті млн-ға жуық қандастарымызды қара-шаңырағы, туған Отанына оралту мақсатымен «Әлем Қазақтары журналын» алғаш рет ДЖҚҚ-ғын құрған Қалдарбек Найманбаев атымен ашып, алғашқы нөмерін Қалекеңнің өзіне арнаған. Шеттегі қандастарымызды туған Отанына, Қара шаңырағына оралтып, бар қазақты бір қазақ ету арқылы қазақтың санын молайту мүмкіндігін жан-жақты қарастырған Әлем Қазақтары журналы маңызды міндет атқаратыны сөзсіз.
3.Ал келесі санын көрнекті тұлға, мемлекет, қоғам қайраткері, қазақ тілінің жан ашыры, ғылым мен білімнің жетілдірушісі, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсын ісін жалғастырушы, Қазақстанның тұңғыш Білім, Ғылым Министрі Шайсұлтан Шаяхметовтің 85 жас мерей тойына арнап отыр. Журналдың бұл санынан оқырмандарымыздың Шайсұлтан туралы алғашқы мағлұмат алары анық.
4.Ал үшінші саны Мемлекеттігіміздің 800 жылдығына арналып, Жошы хан атымен жарық көріп отыр. Жошы бабамыздың тегін тектеп, жоғын жоқтап, шындықтың бетін ашқан журналдың бұл санының шоқтығы биік болары хаһ. Өйткені мемлекеттігіміз құрылғанына 800 жыл толғанына көз жеткізген.
5.Журналдың бесінші, алтыншы сандары Қазақ атауы қалыптасқанына 6000 жыл толғанына, Тұран мемлекетін бүгінгі қазақ даласы Түркістанда өзіміз құрғанымызды анықтаған. Тәуелсіздік арқасында қазақ ежелден бар халық екенімізді тарих деректеріне сүйене отырып қазақ тарихы жылнамасын ұсынуымен айшықталып отыр.
6. Журналдың келесі саны Қазақ мемлекеті құрылғанына 800, Алтын Ордамызға 750, Тәуелсіздігімізге 33 жыл толғанын біріктіріп Мемлекетіміздің ұлттық тойын әрбір жылдың жаз айында белгілеп, халықты қуантқан ұлан ғасыр той жасап отыруды ұсынған.
7.Журналдың оныншы саны Әбіш Кекілбаевтың 85 жастық мерей тойына арналғаны ұлы адамдарымызды ұлықтап отырудың жолын ашып отыр.
8.Және, Тәуелсіздік күніне орай қала тұрғындарына арналып жазылған «Астанам менің — Ғажайып қала» атты шағын кітабының тұсау кесері ұсынылатын болады. Сондықтан қазақ деген ұлы халықтың даналығына сүйене отырып жазылған, «адамзат баласының ақ жолын мейірімділік заңдылығы ғана аша алады» кітабының, және журналдар мен өзгеде кітаптың тұсау кесеріне, журналист, Сіздерді құрметпен шақырамыз. Келіңіздер, танысыңздар, сұраңыздар, кемі болса толтырысып жақсы ниетте болыңыздар! Және көрнекті тұлғалар Қалдарбек Найманбаев, Шайсұлтан Шаяхметов, Әбіш Кекілбаевтардың 85 жастық мерей тойына арналған Журналдардардың ашылуына ағайын туыстары, қолдаушыларымен тілеулестері қатыса алады деп сенеміз. Егер сұрақ, сұхбат өткізу қажет болса 8-775-139-65-72 телефонына хабарласуға болады. Кітап, журналдардың тұсау кесер іс-шарасы 15- Қараша, сағат 15 те, Ұлттық кітапханада өтеді. Достық 11.
Астана қ-сы.
«Әлем Қазақтары» журналының алқасы.
Ерқожа Тилепбердиев:
Мүмкіндік болғанда ғана әр нәрсенің сәті болады. Мүмкіндік –бұл философиялық тұрғыда терең ұғым. Дәл осы мүмкіндікті пайдалана алмасақ бәрінен кеш қалуымыз әбден мүмкін. Өйткені бүгін бір тұтас халық, мемлекет түгіл бүкіл әлем тығырыққа тірелді. Дүние жүзі халқы аса ауыр жағдайға тап болды. Бұрын әлемді жайлаған аштық, неше түрлі дерт-аурулардан қорқушы еді, енді мына заманның қырғын соғысын, тіпті әлемнің өзін құртып жіберетін жүздеген қару-сайманның түрлерін естігенде адамдардың сай сүйегі сырқырайды. Адамдар табиғатты қойып, Иманул Канттың айтқанындай бір-біріне «қасқыр» болды. Жер бетіндегі әділетсіздік, бей-берекетсіздік, қатыгездік, өшпенділік, көралмастық, бақталастық, жемқорлық, қанаушылық шегіне жетті. Әсіресе адамдар арасында адам төзгісіз азғындық пайда болды. Адамзат баласына бататыны да осы. Неліктен пайда болғаны да түсінікті. Қысқасы адамзат баласы пышақтың жүзінде тұр. Олардың ертең бар, не жоқ болатынына ешкімнің көзі жетпейді. Сондықтан адамзат баласының алдағы жолын ашуға байланысты Үзбен Құрманбайұлының ешбір артық ауыссыз жазылған бұл еңбегі ескерусіз қалмайтыны анық. Тек кәдеге жаратуымыз керек. Егер кәдеге жарата алсақ, жоғарыдағы қиындықтардан ешбір бөгетсіз шығатынымызды кітап авторы жан-жақты дәлелдеп, адамзат баласына тірліктің жаңа жолын ашып отыр.
Он сегіз мың ғаламдағы тірлік иелерінің ең ақылдысы да және «мақұлығы» да адам екенін жақсы білеміз. Өйткені мынау әлемдік жаратылысты танып білуге деген ұмтылыс, құлшыныс адам баласына ғана тән. Сол арқылы адамзат жаратылғаннан бергі сан мың жылда ғылым, білімнің небір құпияларына мұқият үңіліп, саналы түрде зерттеп, ғажайып жетістіктерге жетті. Жер дүниені ғана емес, аспан әлеміне зер салып, шексіз әлемнің қияндарын бағындыруға құлаш сермеді. Адамның өзге хайуандардан тағы бір ерекшелігі – осының бәрін күллі адамзаттың болашақта бай да бақытты өмір сүруіне жол ашу үшін әрекеттенуі.
Бұған мың жылдың арғы жағында өмір сүрген Аристотельден бастап, өз бабамыз Әл-фараби сияқты ондаған ғұламалардың еңбектері куә. Бергі тарихқа келсек, сонау ХV ғасырдағы Томас Мор, Томмазо Кампанелла сияқты Италия ойшылдары қоғамда адамдардың жақсы өмір сүруіне, бостандығына кедергі келтіретін өз дәуіріндегі қоғамдық құрылымды кемелдендіруге қатысты ұсыныстары дәлел.
Бірақ күллі адамзат баласын біртегіс бақытты еткен, теңдік орнатқан ешкім жоқ. Олардың күресі арқылы қоғамдық құрылыс өзгерсе де бірінен-бірі сорақы, сұрқия қоғамдар пайда болып, үстемдік құрды. Олар адамзат баласының басым бөлігін езгіде ұстап, қырып-жойып бүгінге жетті.
Әлемдік бүгінгі ахуал қандай? Салыстырып айтсақ, адамзат баласының алтын бесігі, жер-әлем төңкеріліп, құрып кетудің аз-ақ алдында тұр. Әлемде адамзат баласы бір-бірімен тату, тең құқылы, еркін, жырғаулы ғұмыр сыйлайтын, қазақша айтқанда «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» қоғам құру қолымыздан неге келмейді? Неге!?
Жоқ! Қолымыздан келеді. Қалай келеді? -Ендеше қоғам қайраткері Үзбен Құрманбайұлының қолыңыздағы шағын еңбегінің жілік майын шағып отырып оқыңыз. Көлемі шағын болса да, көтерген ойы шарықта. Кітап «Мейірімділік заңдылығы, бұл– бақыттың жолы» деп аталады. Немесе адамзат баласының ақ жолы деуге де болады. «Бақыттың жолын бәріміз армандаймыз, жақсы білеміз, мейірімді де білеміз, бірақ осы еңбектегі «мейірімділік» мүлдем басқаша. Еңбек иесі «Мейірімділік заңдылығы» деп жаратушыны меңзеп отыр. Бұл бұрынғы-соңғы философиялық еңбектерде кездесе бермеген жаңа тіркес. Бір сөзбен айтқанда әлемдік ауқымда тың идея туындап отыр. Әлем халқы аңсаған, біз аңсаған, атазаңымызда айшықталған «Азаматтық қоғамға» жетудің жолын «мейірімділік заңдылығы» өзі ашып беретінін тайға таңба басқандай дәлелдепті. Бұл еңбекте автормен журналист Сұнғат Әліпбайұлының жасаған сұхбатына ерекше назар аударыңыз. Журналист сұрақ қана қоймаған, бұрап та көрген. Алайда автор мүдірмей дәйекті, салиқалы жауап берген.
Еңбектің басты идеясы – таным. Автор біз күні бүгінге дейін жаратылыстың қалай жаратылған заңдылығын танып білген жоқпыз. Білмеуіміздің басты себебі ғылым дінді мойындаған, құрметтеген сыңай танытқанымен, он сегіз мың ғаламды Жаратушы Алла жаратқанын мойындамауы. Ғылым мен діннің арасындағы біртұтастықтың жоқтығы. Қысқасы Алланың өзі – мейірім екенін түсінбеу. Автордың өз сөзімен айтсақ: «Он сегіз мың ғалам «бармақтай заттан да», жойқын жарылыстан да» жаралған жоқ, егер жаралды деп көрсе, Алланың қалауымен болды. Жаратылыс Алланың мейірімінен жаратылды, сол жаратылысты үйлестіріп, ұштастырып, сәйкестіріп, басқарып тұрған ұлы күшті Алланың мейірімділік заңдылығы деп атаймыз» дейді қорытынды ретінде. «Қысқасы жаратылыстың белгілі бір құбылыстарын танып білу бір басқа да, танымның шегіне жету, Алланың өзін тану бір басқа. Ғылымның бүгінгі шексіз жетістігінің өзі жаратушы Алланы танып білуге дәрменсіз. Алланы танып білу мүмкін де емес. Өйткені ғылымды ойлап тапқан – адам. Ал адам – Алланың құлы. Алла құлдарына өзін толық танып білетін қабілет бермеген. Егер берген болса пенденің біразы мен құдаймын деуден, құдайдан да асып түсіп, бәрін өзім білем деулері әбден мүмкін деген пәтуаны алға тартады. Ойлап қараңыз, бүгінгі таңда алпауыт мемлекеттердің басшылары дәл солай. Аранын ашқан олигархтар нәпсісін тыя алмайды. Олар өздерін құдайдай сезінеді. Мұны қазақта «құдайдан қорықпағандардан қорқ, мейірімсіздерден түңіл» деген екен.
Міне, автордың тілге тиек, түйін етіп отырған, біз ерекше мән беріп, шұқшиып отырған «Мейірімділік заңдылығын» бүгінге дейін ойшылдарымыздың, қоғам танушы ғалымдарымыздың ескерусіз қалдырғанына Үзбен Құрманбайұлы таңданыспен қарайды. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» екенін долбармен емес, ұлы ғалымдардың еңбектерін зерттеу арқылы, ғұлама ғалым Альберт Эйнштейн, ойшыл жазушы Лев Толстой, тіпті ислам даналары Әл-фараби, Ибн Сина, орта ғасырдағы Еуропа ғалымдарымен діндарларын мойындатып батыстық схоластикаға әсер еткен ғұлама Әл-Ғазали, бүгінгі таңда Нью-Йорктегі Колумбия университетінде дәріс оқитын ливандық ғалым Д. Салиба сияқты дін мен ғылымды ұштастыра білген тұлғаларды терең зерттеу арқылы мұндай байламға келген. Абай атамыздың бірауыз сөзіне тоқталған. Өйтсе, адамзат алдындағы бақыттың ендігі жолы– мейірімділік заңдылығында екенін мойындау. Осы тұрғыда ғалымдар бұл ғылымды жете зерттей отырып, тірліктің нақты көзі дәл осы мейірімділік заңдылығында жатқанына көздерін жеткізуді ұсынады.
Автор өз еңбегінде осы заңдылықты жүзеге асыру қазақ халқының қолынан келетінін, бүкіл әлем халқының жолын ашатынын, қазақ халқы әлемдегі ең мейірімді халықтың бірі екенін нақты пайымдармен дәлелдейді. Қазақ әубастан, тіпті жаратылысынан жаратушысын танып білген халық екенін тілге тиек етеді.
Сондай-ақ еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан қоғамын түбегейлі өзгерту жолындағы «Жаңа Қазақстан, Әділетті мемлекет» саясатымен ұштастырады. Біз тәуелсіздік таңында әлемдегі қалыптасқан демократиялық жүйені таңдадық. Мұны ешкім теріске шығара алмайды. Алайда біздің бүгінгі бағдар тұтып отырған демократия, адам құқы, еркіндік — мұның бәрі абсолюттік дүние емес екенін әлем философтары баяғыда-ақ мойындаған. Сондықтан бұл саясатты толық жүзеге асырудың жолы халқымыздың бойындағы керемет қасиетте жатқанына маңыз беріп, халқымыздың рухындағы мейірімділік заңдылығы негізінде өрбуі керек екенін алға тартады. Қысқасы, өз еліміздегі бүгінгі бетбұрысты мейіріммен ұштастыру, ол үшін мемлекеттегі басшылық қауымды ауыстыра беру емес, қоғамды бастап тұрған саясатты өзгертуді дұрыс дейді. Мемлекетіміз «мейірімділік заңдылығын» өз саясаты ретінде ұстанса ғана қоғам тығырықтан шығады, халқы тынышталады, адамдар байлық пен бақытқа кенеліп, қорқынышсыз тірлік ететінін жан-жақты дәлелдеп отыр. «Мейірімділік заңдылығының» ең кереметі қоғамда адамдар арасында мейірімділік қатынас пайда болдырады деп көріп, осыған адамзат баласын асығуға үндеп отыр. Бұл тек рухани тұрғыда жасалатын өзгеріс дейді. Ал экономикалық тұрғыда нарық заңдылығына сүйене береміз. Халықаралық қатынаста бүгінгі дипломатиялық сыйластық, достық қатынасымыз бәр-бәрі сақталады деп көреді. Ізгіліктің бұл жолын ең алдымен басшыларды және адамдарын бір-біріне мейірімділікке шақырған Президентіміздің жалғыз ауыз жылы сөзімен бастаймыз дейді кітап авторы. Сол сәттен бастап тек Қазақ елі ғана емес бүкіл әлем елдерінің жолы ашылатынына сенімді. «Адамзат баласы бір-біріңді жақсы көріңдер!», деп аяқтаған бұл еңбектің пайдасы ұшан теңіз.
Пікір ұсынған:
Ақын-жазушы, композитор ,ҚЖОдағының мүшесі
Ерқожа Тилепбердиев
Әкім Ысқақ:
Үзбен Құрманбайұлының Адамзаттың ендігі ақ жолын «Мейірімділік заңдылығы» ғана ашатынын дәлелдеген бұл кітаптың орны тіптен бөлек. Бұл жерде мейірімділік заңдылығы деп адамдардың бір-біріне деген қамқорлығын, өзара мейірімділігін, жақсы қатынастарын айтып отырған жоқ. Бүкіл жаратылыс, ғалам, әлем, тірлік иелері, соның ішінде адамзат Жаратушының мейірімділік заңдылығы арқылы жаратылғанын айқындап отыр. Қысқасы, бір жаратушы бар, ол он сегіз мың ғаламды жаратты. Алланың мейірімі болмаса ғалам да, адамдар да жаратылмас еді. Ал, Алланың мейірімділік заңдылығы болмаса ғалам, әлем орнығып тұра алмас еді, тірлік те болмас еді. Қалай жаратты деген сұраққа өзінің мейірімділік заңдылығы арқылы жаратқанын тайға таңба басқандай дәлелдеген. Жаратушының өзі мейірім, сол мейірімі арқылы бәрін жаратты, ал жаратылысты адам да ғылым да еш уақытта жасаған емес, жасай да алмайтынын қазақ даналығымен пайымдайды. Мейірімділік заңдылығы дегеніміз – теңдесі жоқ күш, құдірет, ғаламды, әлемді жаратып, оларды сәйкестіріп, басқарып тұрған Алланың мұғжизасы. Бұл заңдылықтың шамасы ғаламға да, әлемге де, табиғатқа да, адамға да, ғылымға да жетеді дейді. Теңдесі жоқ дәл осы заңдылық ғана адамзат баласының ақ жолын ашып қана қоймайды, байлық пен бақытқа жетелейді. Осы заңдылықты ұстанса әлемді қатігездік жайламайды, қырғын соғыс, атыс- шабыс жойылады. Біздің аңсаған еркіндік, тепе-теңдік, әділдік, бүткіл жақсылық тек осы мейірімділік заңдылығы арқылы ғана қолға келетініне көз жеткізген. Мейірімділік заңдылығы Алланың мұғжизасы болғандықтан бұл шексіз ғылым, адамзат баласы танып білген сайын таусылмайтын, еш уақта сарқылмайтын, тек жемісін беріп, күллі адамзатты тірідегі ұжымақ жолына жетелейтін, (қазақ даналығымен айтар болсақ, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» барақат заманға жеткізетін) нақты жол деп көреді.
Адамзат баласының 99 пайызы бір жаратушы бар екеніне сенеді, сөйте тұра сол жаратушы жаратылысты өзінің мейірімі арқылы жаратқанын танып білмейді. Тіпті бүкіл ғаламды, галактикаларды, жер-әлемді мейірімділік заңдылығы арқылы басқартып тұрғанын түсінбей бүгінге жеттік. Егер Жаратушының мейірімділік заңдылығы болмаса, миллиондаған планеталар бір-бірімен қақтығысып, жер әлемі баяғыда солардың құрбаны болған болар еді дейді кітап авторы.
Міне, адамзат баласы Жаратушысын танып білмегеннен болып, күн өткен сайын үлкен қателікке, азғындыққа ұшырай бастады. Басты кемістік адамдар өздерін құдайдан да артық санап, еш нәрседен именбейтін болды, мұның ақыр соңы қоғамды бей-берекесіздікке жетеледі, адамзат өміріне орасан қауіп төндірді. Осы ауыр жағдайдан шығудың жалғыз ғана жолы бар екенін ұсынған бұл еңбектің болашағы зор болатынына күмәнданудың ешбір қажеті жоқ. Сондықтан адамзат баласы бір жаратушысын танып білулері керек, жаратылысты жаратып, арасынан ұйыстырып, ұштастырып басқарып тұрған ұлы күш – ол мейірімділік заңдылығы екенін түсіне отырып, алдағы уақытта қоғамды да мейірімділік заңдылығы арқылы басқаруды ұсынған бұл еңбек ғылыми жаңалық ретінде бағаланатыны сөзсіз. Адамзат баласының асыл арманы азаматтық қоғам құру екені рас болса, соған жетудің алғашқы қадамы ретінде мейірімділік заңдлығына сүйенген мейірімді қоғамға бет бұруды ұсынып отыр. Егер мейірімділік заңдылығы жолымен жүрсек, арнасын тапқан дария өзен сияқты адамзат баласының да жолы ешбір қиындықсыз ашылады, қазіргідей қыруар шығын шықпайды, керісінше үнемделіп, қоғамда аса ірі байлық пайда болады. Басшылардан, лауазым иелерінен басталған мейірімділік қоғамда адамдар арасындағы мейірімділік қатынасқа айналады. Қоғамдағы мейірімділік қатынас қоғамды түбегейлі тыныштандырады, халқы мен мемлекеті әр кез бірге болып, елін, жерін, отанын, қазынасын халық өздері қорғап сақтайтын болады. Осы сәттен бастап жалпы халықтың жауапкершілігі өседі, әр бір азаматтың жасампаздығы, іскерлігі артып, қылмыс кемінде 50 пайызға азаяды, күштік құрылымдардың іс-қызыметі жеңілдеп, оларыдың штаттары қысқара бастайды. Ең бастысы қоғам бойынша үркінішсіз, қорқынышсыз орта қалыптасып, ұрпақтар алаңсыз өмір сүретінін Жаратушының мейірімділік заңдылығына ұштастыра дәлелдеген автордың еңбегі әлем халқының кәдесіне жарайтыны даусыз. Бүкіл адамзаттың жаратушысы біреу ғана болғандықтан әлем халқы бір мүдде, бір мақсатта болудың пайдасын да ашық әңгімелей отырып, ендігі кезекте дін мен ғылымның өзара ұштастығын жетілдіруді ұсынады. Бүгінгі ғылымның жетістігін қолдай отырып, қоғамдық дамудағы бүгінгі капиталистік қоғам қатынасының, кешегі социалистік қоғамдағы адамдар арасындағы қатынастың озық үлгілеріне сүйенетінімізді, бүгінгі нарық заңдылығы жолын ұстанатынымызды тілге тиек ете отырып, рухани тұрғыда мейірімділік заңдылығын ұстануды дұрыс деп санайды. Адамзат баласы рухани тұрғыда дағдарысқа ұшырамаған жағдайда өзге қиндықтың бәріне төтеп береді дейді Үзбен Құрманбайұлы.
Адамзат баласы сан ғасыр бойы ойлап таппаған, түйінін тарқата алмаған түйткілдің түйінін тарқаттқан еңбекті жаңалық емес деп айта алмайсыз. Бірақ автор бұл жаңалықты «мен аштым» демейді. Бабаларының даналығына сілтейді. Бергіге келсек, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп жаратушысын таныған, «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген асыл сөзі арқылы мейірімді дәріптеген Абай атамыздың ұлағатты сөзіне тоқталады.
Күллі адамзат баласын бақыт, бостандық, теңдікке жеткізетін қоғам құруға неге болмасқа! Автордың ойынша мұның жолы да күрделі емес. Қысқа да, нұсқа айтсақ, ғылым мен білімнің жетістігін дінмен байланыстырып, Алланы мойындау, Алланың мейірімділік заңдылығын ғылыми негізде жүзеге асыру. Сөйтіп бүгінгі қоғамға бағыт беріп, бастап отырған саясатты біртіндеп мейірімділік заңдылығы жолына бұрудың пайдасын анық айқындайды. Бұл еңбекте ол үшін не істеу керектігін автор егжей-тегжейлі баяндайды. Бұл тек қазақ қоғамын өзгертетін жаңалық емес, әлемдегі әрбір халықтың, әрбір мемлекеттің жолын ашатын жаңалық.
Ойланайық ағайын, бақытты өмірдің, теңдік, бостандықтың кілті мейірімде жатқаны анық. Жер пленатысын сүйменмен қозғаудың тіреу нүктесін Архимед таппаса да, бостандық, теңдік орнататын қоғамның тетігін қоғам қайраткері Үзбен тауыпты. Бұл – бағалай білсек, бағымызды ашатын жаңалық.
Әкім Ысқақ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, бірінші шақырылған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, тұңғыш қазақ тілінде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы, Қазақстан Жазушылар Одағының, Қазақстан композиторлар Одағының, халықаралық Журналистер Одағының мүшесі, 1997 жылдың «Жыл адамы». «Халықаралық Шыңғысхан Орден» иегері.