Site icon Мейірімді қоғам

Астаналық циркке күрделі жөндеу жүргізіледі

Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

 

Мәслихат төрағасының сөзінше, елордадағы цирк және «Жастар» театры ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сараптама рәсімінен өту кезеңі басталды.

«№1 БЖСМ және «Жеңіс» спорт кешені қосымша спорт залы жабдықталуы үшін қосымша құрылысқа мұқтаж. Осыған байланысты, Астана мәслихатының депутаттары 2024-2026 жылдарға арналған мәдениет және спорт салаларын дамыту жөніндегі кешенді жоспардың жүзеге асырылу барысы тақырыбында тұрақты комиссия отырысына дайындық аясында аталған нысандарды аралады», — деп жазды Ерлан Каналимов.

фото:instagram.com/kanalimov/

Бұл мәселелер қала әкімдігі мен мәслихаты әзірлеген екі бағдарламалық құжаттың аясында қарастырылған.

фото: instagram.com/kanalimov/

Үш нысанда жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты бюджет өтінімдері басшылық тарапынан ұсынылып, алдағы уақытта депутаттар кезектен тыс сессияда қарастырады деп жоспарлануда.

Exit mobile version