Site icon Мейірімді қоғам

Алматы облысында колония бастығының орынбасары ұсталды

Алматы облысы бойынша ҚАЖД № 14 мекемесі бастығының орынбасары бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұсталды.

— 2024 жылғы 13 қарашада Алматы облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Алматы облысы бойынша ҚАЖД № 14 мекемесі бастығының орынбасары пара алды деген күдікпен ұстады, — деп хабарлайды Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс шеңберінде болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді.

Бұған дейін Алматыда полиция қызметкеріне пышақ сілтеген күдікті ұсталғаны белгілі болды.

Exit mobile version