Site icon Мейірімді қоғам

Теңге дизайны 31 жылда қалай өзгерді

Қазақстанда 15 қарашада Ұлттық валюта күні аталып өтеді. Дәл осы күн қаржыгерлердің де кәсіби мерекесі саналады.

Теңгенің тарихы 1993 жылғы 3 қарашадан бастау алады. Дәл осы күні ұлттық валютаны айналымға енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылған болатын. 1993 жылғы 12 қарашада «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлыққа қол қойылды. Ал 15 қарашадан бастап теңге еліміздегі жаңа төлем бірлігіне айналды.

Алғашқы банкноталар Англияда басылып шықты.

1995 жылғы 19 мамырда Қазақстанда Банкнота фабрикасы ресми түрде ашылды. Қаражат үнемдеу үшін Банкнота фабрикасына жаңа ғимарат салмай, оның орнына «Гидромаш» АҚ зауытының бір корпусын жөндеуден өткізу туралы шешім қабылданды.

1995 жылы фабрикадан 83 миллионнан астам банкнота шығарылды, келесі жылы 104 миллионнан астам банкнота басылды. 1997 жылы Банкнота фабрикасы Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктерін де шығара бастады.

Теңге дизайны 31 жылда қалай өзгерді
Фото: «Егемен Қазақстан»

Қазақ валютасын бейнелеген дизайнерлерлер — Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Досбол Қасымов, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер.

«Теңге» – тарихи атау. Орта ғасырда түркілердің күміс монеталары «денге» немесе «таньга» деп аталған. Бұл атауды академик Сауық Тәкежанов ұсынған еді.

Сарапшылар ұлттық валюта атауын таңдауда үлкен тартыс болғанын, «алтын», «ақша», «таньга» (тенга) нұсқаларынан бөлек «сом» деп атау да ұсынылғанын айтады. Себебі КСРО банкноттарында рубль қазақ тіліне аударылғанда осылай аталған екен.

Теңгенің жүзден бір бөлігін «тиын» деп атайды.

yes-coin.kz
yes-coin.kz
yes-coin.kz
yes-coin.kz
yes-coin.kz
yes-coin.kz

Ұлттық валю­­таның өз символы бар (₸). Бұл белгі — тең­ге­­нің графикалық түрі – транскрипция­да «тең­ге» сөзі басталатын «т» дыбысын, сон­­д­ай-ақ «тәңірі» дыбысын білдіретін көне түр­кі алфавитінің символы.

Фото: DALL-E

Символ ақ­ша бір­лігінің тұрақтылығы идеясын, жоға­ры әлеуетін, даму динамикасын және ел экономикасының өсуін білдіреді.

Wikipedia

Теңгенің бес буыны

Ұлттық валютаның алғашқы легінде «Портреттік серия» қолданылған. Авторлар банкнот беттерінде қазақтың ұлы тұлғаларының суреттерін жариялады.

yes-coin.kz
yes-coin.kz
yes-coin.kz
yes-coin.kz
 yes-coin.kz
 yes-coin.kz
yes-coin.kz

Осылайша тұңғыш рет ақша бетінде әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан Уәлиханов, Абай, Әбілқайыр хан, Абылай хан бейнелері жарық көрді.

Ұлттық валютаның екінші легі Қазақстанда басылып шықты. Жаңа серия «Әл-Фараби» деп аталды.

 yes-coin.kz
 yes-coin.kz
 yes-coin.kz
 yes-coin.kz
yes-coin.kz
yes-coin.kz

Шығыс ойшылының бейнесі 200-10000 теңгеге дейінгі банкноттарға басылды. Бұл ақша айналымда көп болған жоқ. Адам бейнесі салынған банкноталар тез жыртылып, мыжылатындықтан суретшілер портреттік суреттерден бас тарта бастады.

Ұлттық валютамыздың үшінші буыны 2006 жылы Бәйтерек бейнесімен жарық көрді.

 yes-coin.kz
 yes-coin.kz
yes-coin.kz
yes-coin.kz
 yes-coin.kz
yes-coin.kz

Бұл жолы дизайнерлер ақша бетінде тек Қазақстанның тарихын ғана емес, сәулеті мен табиғатын да сыйғызуға тырысты. Теңгенің бетінде ашық алақан, Тұңғыш Президенттің қолы, Әнұранның ноталары басылды.

2011 жылдан бастап жаңа валюта айналымға шыға бастады. «Самұрық» сериясындағы номиналы 500, 1 000, 2 000, 5 000, 10 000 және 20 000 теңге болатын ақшаның бір жақ бетіне «Қазақ Елі» монументі мен ұшып бара жатқан кептерлер бейнеленді, екінші жақ бетіне Алматы қаласының, Ертіс өзенінің, Үстірт жазығының панорамасы бейнеленді.

yes-coin.kz
 yes-coin.kz
yes-coin.kz

Атап өтерлігі, ең үлкен қағаз ақша — 20 000 теңге 2015 жылы Ұлттық банк теңге бағамын «еркін ағымға» жібергеннен кейін жарық көрді.

yes-coin.kz

Банкнота дизайнын өзгерту – әлемде кеңінен тараған тәжірибе. «Сақ стилі» жаңа ақша сериясын айналымға енгізудегі негізгі мақсат – ұлттық валютаның қорғаныс деңгейін арттыру, оны пайдалануға ыңғайлы ету, сондай-ақ Қазақстанның мәдени құндылықтары мен тарихын насихаттау.

«Сақ стилі» жаңа банкнота сериясы дизайнының тұжырымдамасы 2022 жылы әзірлене басталды. 2023 жылғы 15 қарашада банкнота сериясы ресми түрде таныстырылды. Ал 5 000 теңгелік алғашқы банкнота айналымға 2023 жылғы 25 желтоқсанда шығарыла бастады.

yes-coin.kz

Серияны әзірлеген кезде отандық және шетелдік ғалымдардың, археологтардың, антропологтардың, этнографтардың, суретшілер мен реставраторлардың көптеген еңбегі мен материалы зерттеліп, қолданылды. Банкноталардың жаңа сериясы ежелгі көшпенділердің дүниетанымындағы ерекшеліктерді, олардың табиғатпен және жануарлар әлемімен байланысын бейнелейді. Сондай-ақ «Сақ стилінің» бірегейлігін айқындап, ұлт мәдениеті мен тарихын зерттеуге деген қызығушылықты оятуға арналған.

Ал, монеталардың бірінші партиясы Германияда басылды. Қазір монеталар Қазақстан монета сарайында шығарылады. Монета сарайында инвестициялық, коллекциялық шақалар шығарылды.

Қазір айналымда номиналы 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 және 200 теңге болатын монеталар бар.

 Wikipedia

ҚР Ұлттық банкі Коллекциялық монеталарды шығаруды 1995 жылдан бастап жолға қойған. Инвестициялық монеталар – Аu 999,9 бағалы металдардан соғылған.

Цифрлық теңге

ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі ұсынған деректерге сүйенсек, 2021 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы нарығының қатысушыларымен, сарапшылар қауымдастығымен және халықаралық серіктестермен тығыз байланыс орнатып, «Цифрлық теңгенің» пилоттық жобасын жүзеге асырып шыққан.

Қаржы нарығына қатысушыларды және басқа да мүдделі тараптарды кеңінен тарту мақсатында 2022 жылы маусымда Қазақстанда ұлттық цифрлық валютаны енгізу мәселелерін бірлесіп зерттеу үшін барлық мүдделі тараптарды біріктіретін Digital Tenge Hub коллаборативті алаңы іске қосылды.

2023 жылы Цифрлық теңгені енгізудің бірінші кезеңін іске асыру кезінде екінші деңгейлі банктермен және халықаралық төлем жүйелерімен бірлесіп ұлттық цифрлық валюта платформасын пилоттық пайдалануға енгізілді, сондай-ақ цифрлық теңгенің функционалдығына қатысты гипотезаларды тексеруге арналған зерттеулер жасалды. Қойылған мақсаттарға жету үшін ЦТ платформасының екі тізбегі құрылды – өнеркәсіптік және тәжірибелік («R&D контур» немесе «технологиялық құмсалғыш» деп те аталады).

2023 жылы 15 қарашада цифрлық теңге тұғырнамасын индустриялық контурда енгізудің бірінші кезеңі іске қосылды. Алматы қаласы әкімдігімен және «Қазпошта» АҚ-мен бірлесіп мектептерде тегін тамақтандыруға арналған «цифрлық ваучерлердің» пилоттық жобасы іске қосылды. Сонымен қатар, Халықаралық төлем жүйелерімен және 4 екінші деңгейлі банкпен бірлесіп, Орталық банктегі цифрлық шотқа қосылған әлемдегі алғашқы банк карталары іске қосылды. Бұл азаматтарға Орталық банкте әлем кез келген жерінде жұмсауға, қолма-қол ақша алуға және операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді.

ҚҰБ пилоттық жобаға қатысушы банктердің цифрлық шоттарына цифрлық теңге эмиссиясын шығарды. 2023 жылғы 15 қарашада Қазақстан қаржыгерлерінің XI конгресінде цифрлық теңгедегі алғашқы бөлшек транзакция жүргізілді.

Цифрлық теңге – ұлттық валютаның қосымша, үшінші формасы. Қолма-қол ақша сияқты цифрлық теңге де эмитенттеледі және Ұлттық Банктің міндеттемесіне жатады. Сонымен қатар, цифрлық теңге платформасының архитектурасы қаржы нарығының екі деңгейлі моделі негізінде құрылған. Түпкі тұтынушылар – жеке және заңды тұлғалармен байланыс бұрынғысынша, қаржы нарығына қатысушылар арқылы ғана жүргізіледі.

Келешекте интернетсіз-ақ төлем жасауға мүмкіндік береді. Цифрлық теңгеге арналған цифрлық карталар екі халықаралық төлем жүйесі – Visa мен Mastercard және екінші деңгейлі төрт банкпен серіктестікте шығарылып жатыр. Бұл карталар – клиенттердің цифрлық шоттары орталық банктің цифрлық валютасымен байланыстырылған әлемдегі алғашқы карталар.

Цифрлық теңге инновациялық қаржылық қызмет көрсетудің негізін құрайтын блокчейн технологиясының әлеуетін ашады, төлемдерді тиімді етеді, сонымен қатар дәстүрлі қаржы мен цифрлық активтер арасына «көпір» болады.

Цифрлық теңге экожүйесі іске қосылды, енді көп ұзамай қазақстандықтар оның алғашқы өнімдерін пайдалана алады.

Теңгенің қорғаныс элементтері

Қазақстан Ұлттық банкі әлемдік тәжірибеде алғаш рет банкнотаға екі түсті микрооптикалық қорғаныс жіптерін енгізді. Бұл қорғаныс элементі банкнотаны ары-бері аударып қарағанда, екі түс өзара әрекеттесіп, динамика әсерін тудырады. Мұндай элементті тек қағаз немесе гибридтік субстрат негізінде жасауға болады, яғни материал полимерлік емес болуы керек.

Фото: nationalbank.kz

Сонымен қатар, банкноталардың дизайнында жарқын әрі есте қалатын 3D әсерін, сондай-ақ үш өлшемді қорғаныс элементтерін қалыптастыратын оптикалық өзгермелі голографиялық элементтер қолданылды. Бұл элементтер банкноталардың «Сақ стиліндегі» дизайнын толықтырып тұр.

nationalbank.kz
nationalbank.kz
nationalbank.kz
 nationalbank.kz
nationalbank.kz

Жаңа сериядағы банкноталардың дизайнында банкноталарды жарамды немесе тозған деп сұрыптау үшін қолданылатын касса техникасының алгоритмдері де ескерілген.

Сондай-ақ, жаңа банкноталарда серия нөміріндегі әріптер мен сандардың биіктігі бірдей (алдыңғы серияларда әртүрлі өлшем қолданылған). Бұл банкноталарды жоғары жылдамдықта өңдейтін жүйелерді барынша дәлме-дәл етеді.

Ұлттық валютаның марапаттары

2000 жылдан бастап Қазақстан теңге сарайы мен Ұлттық банк жыл сайын халықаралық байқауларға қатысып келеді. Осы уақыттан бері Ұлттық валюта сапасы, дизайны және оны әзірлеуде қолданылған технологиялық жаңашылдық үшін түрлі номинация бойынша 20-дан астам марапатқа ие болды.

Қазақстанның коллекциялық монеталары «Монета шоқжұлдызы» (Coin Constellation), «Жыл монетасы» (Coin of the Year), IACA Excellence in Currency Awards, Vicenza Numismatica және басқа да халықаралық нумизматикалық қауымдастықтардың марапатын алды.

Ұлттық валюта банкноталары да бірнеше рет халықаралық байқауларда жүлдегер атанды. 2007 жылы 10 000 теңгелік (2006 жылғы үлгі) қазақстандық банкнота IACA (Халықаралық валюта мәселелері қауымдастығы) байқауында «Ең үздік жаңа банкнота» номинациясында бірінші орын иеленді.

Фото: nationalbank.kz

2012 жылы Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 10 000 теңгелік естелік банкнота Халықаралық банкноттар қауымдастығының (IBNS) байқауында «2011 жылғы ең үздік банкнота» деп танылды.

2013 жылы IBNS байқауында 5 000 теңгелік қазақстандық банкнота «2012 жылғы ең үздік банкнота» атанды.

2014 жылы «Күлтегін» түркі жазбасы ескерткішіне арналған 1 000 теңгелік естелік банкнота IBNS шешімі бойынша «2013 жылдың ең үздік банкноты» атанды.

2015 жылғы 1 желтоқсанда айналымға шыққан 20 000 теңгелік банкнота 2016 жылы High Security Printing Europe конференциясында (Бухарест, Румыния) 2015 жылғы ең үздік аймақтық банкнота деп танылды.

2016 жылы 20 000 теңгелік банкнота Currency Conference конференциясында (Вашингтон, АҚШ) «Валюта индустриясындағы ең үздік техникалық жетістіктері үшін» (IACA Excellence in Currency Awards) номинациясы бойынша үш финалистің қатарына кірді.

 

Exit mobile version