Мейірімді қоғам

Газада 40 мыңға жуық палестиналық қаза тапты

Газада қаза тапқандар саны 39 929 адамға жетті.

Qatar News Agency агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, Израиль әскерінің 7 қазаннан бастап Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны артып жатыр.

Ал елдің Денсаулық сақтау министрлігі шабуылдар туралы ақпарат таратты.

«Израиль әскерінің соңғы 1 тәулікте Газаның әртүрлі аймақтарына жасаған шабуылдарының салдарынан 32 палестиналық қазақ тапты және 88 палестиналық жарақат алды», — деп жазылған хабарламада.

Израиль армиясының осы уақытқа дейін Газа секторына жасаған шабуылдарынан 39 929 адам қаза тауып, 92 240 адам жарақат алды.

Exit mobile version