Абай облысындағы гарнизон офицері көз жұмды

By Meirim Qogam Сен20,2024

Абай облысындағы Аягөз гарнизоның әскери қызметкері көз жұмды. Аягөз гарнизоны баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 19 қыркүйекте болған.

«Жұмыстан тыс уақытта Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет ететін офицердің денесі үйінен табылды. Алдын ала ақпарат бойынша офицер өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», — делінген ақпаратта.

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметкердің туған-туыстарына көңіл айтты.

Еске салсақ, 17 қыркүйекте Алматыда әскери қызметші тапаншадан жарақат алғаны хабарланған.

Бүгін де өршіп тұрған қоғамның мәселесі әскердегі әлімжеттік туралы сараптама мақаламен танысқыңыз келсе «Әскердегі әттеген-ай: Әлімжеттік қашан жойылады» атты материалға өтсеңіз болады.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *