Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылына жақындағанда Қорғалжын тас жолының оң жағындағы жол төсемін жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті.
«Осыған байланысты 14-15 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы қоса берілген схемаға сәйкес ұйымдастырылады», — делінген хабарламада.
Басқарма елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.