Саран қаласы әкімінің қызметінен босатылуы, апта ішіндегі өзге де кадрлық тағайындаулар

Осы аптада елімізде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды.

Апта соңында Қаржы министрі Мәди Такиев Қазақстан волейбол федерациясына басшы болып тағайындалды.

Ол бұл қызметте Нұртай Әбіқаевты алмастырды.

Мәди Такиев 1978 жылы 1 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген.

1998-2012 жж. – Алматы қаласы бойынша салық департаментінде жұмыс істеген.

2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің салық комитеті басқармасының бастығы.

2013-2014 ж. – Ұлттық экономика министрлігінің салық және кеден саясаты департаментінің директоры.
2014 ж. – Қазақстан Премьер-министрі кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас кеңесшісі.

2014-2017 жж. – Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2017-2019 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің салықтық бақылау департаментінің директоры.

2019 жылдың 12 наурызынан – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі қызметінде болды.

2020 жылы қыркүйекте Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Қазір негізгі қызметі – ҚР Қаржы министрі.

***

Үкімет қаулысымен Тимур Мұратұлы Мұратов денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Тимур Мұратов 1977 жылы Абай облысында дүниеге келген.

Семей мемлекеттік медицина академиясын, Еуразия гуманитарлық институтын, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Астана қаласының №6 емханасында дәрігер-уролог болып бастаған.
Әр жылдары «Ақ ниет» сауықтыру орталығында, Қорғаныс министрлігінің Бас әскери емханасында, Ұлттық ғылыми медициналық орталығында жұмыс істеді.

2010-2015 жылдары — Астана қаласының №2 қалалық ауруханасында бөлімше меңгерушісі, бас дәрігер орынбасары.

2015-2017 жылдары — №2 Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері.
2017-2018 жылдары — Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

2018-2019 жылдары — Астана қаласының Қалалық жедел медициналық жәрдем стансасының бас дәрігері.

2019-2020 жылдары Президент Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасы директорының бірінші орынбасары болды.

2020 жылдан 2023 жылға дейін — Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басқарма төрағасы.

***

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Әсет Бағдатұлы Шонов Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Әсет Шонов 1986 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және Еуразиялық гуманитарлық институтын бітірген.

Әр жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы министрліктерінің құрылымдарында сарапшы болып жұмыс істеді.

2013 жылдан 2014 жылға дейін болды.ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жоспарлау және бюджет бөлімі жоспарлау секторының меңгерушісі

2014 жылдан 2017 жылға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

2017 жылдан 2019 жылға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Жобалық басқару департаментінің директоры, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2019 жылдан 2021 жылға дейін — ҚР Премьер-министрі Кеңсесі Экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

15.07.2021 бастап тағайындалғанға дейін ҚР Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры қызметін атқарды.

***

Венера Калимова ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Венера Калимова Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

1995–2001 жылдары — Ақтөбе облысы Әділет басқармасы заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің жетекші маманы, бас маманы.

2001–2017 жылдары ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасында жұмыс істеп, бас маман қызметінен бастап департамент директоры болып жұмыс істеді.

2017-2019 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ басқармасы аппаратының Жылжымайтын мүлік департаментінің директоры қызметін атқарды.

2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаментінің директоры болып қызмет етті.

***

Алматы облысы Талғар ауданында прокурор қызметіне Ерлан Тағаев тағайындалды.

Ерлан Алижанұлы Тағаев прокурорлық қызметін Алматы облысының прокуратурасында бастап, кейін Қарағанды жэне Шығыс Қазақстан облыстарында жалғастырған.

Талғар ауданы прокуроры болып тағайындалғанға дейін Курчатов қаласы түзеу мекемелерінде заңдылықтын сақталуын қадағалау жөніндегі арнайы прокуроры, Күршім ауданы, Аягөз, Абай және Жаңасемей аудандарының прокуроры қызметін атқарған.

***

Абай облысының құрылыс басқармасының басшысы болып Шыңғыс Риаханов тағайындалды.
Шыңғыс Нұртасұлы Риаханов 1979 жылы 25 желтоқсанда Абай облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген.

Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қолданбалы математика және информатика» мамандығы бойынша, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша бітірді. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Мичиган университетінің магистранты, техникалық ғылымдар магистрі.

Еңбек жолын 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің математикалық модельдеу және компьютерлік техника кафедрасының тағылымгер-оқытушысы болып бастады.

2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінің жетекші маманы.

2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімінің референті.

2009-2010 жылдары «Сарыарқа» ӘӘК» ҰК» АҚ бизнес-жобалар департаментінің директоры.

2010-2011 жылдары «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарушы директоры.

2011-2017 жылдары «Салынып жатқан Назарбаев зияткерлік мектептері дирекциясы» ЖМ, директордың орынбасары, директор.

2018 жылдан 2024 жылдың 11 маусымына дейін кәсіпкерлік саласында қызмет етті.

***

Орал қаласы әкімінің өкімімен Аслан Тапишев Орал қаласы әкімнің орынбасары болып тағайындалды.

Аслан Нұрланұлы 1985 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары. Жәңгір атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін ветеринарлық медицина және құқықтану мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы» БҚО филиалының басшысы қызметінен бастады.

БҚО қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы болып еңбек етті.

2020 жылдан бастап Батыс Қазақстан облыстық «Азаматтық альянсы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті қызметін атқарды.

Аслан Тапишев қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің қызметіне жетекшілік ететін болады.

***

Сондай-ақ осы аптада Қарағанды облысы әкімінің өкімімен Саран қаласының басшысы Еркін Баулықов қалада жылу беру маусымының басталуында олқылық жібергені үшін атқаратын қызметінен босатылды. Қала басшысы міндетін уақытша осыған дейін Саран қаласы әкімінің орынбасары болған Мақсат Қайрешов атқаратын болды.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *