Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына барды.
Мемлекет басшысын Манас әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.
Кейін Президент «Ынтымақ Ордо» ғимаратына барды.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.
Сәлден кейін Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті басталады. Шара «Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және қауіпсіздік» тақырыбында өтеді.