«Атамекен» ҰКП-да АӨК дамытудың өзекті мәселелерін талқылады

Астанада «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының XII Съезі өтті.

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 360-тан астам делегат және 180-ге жуық бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.

Іс-шараға ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, жетекші даму институттарының өкілдері, кәсіпкерлер қатысты. Қатысушылар қазақстандық бизнестің өзекті мәселелерін талқылады.

Азат Сұлтанов аграрлық секторды мемлекеттік қолдау және АӨК дамытушаралары туралы айтып берді.

Оның айтуынша, фермерлер орташа өнімділігі 16 ц/га болатын 26,6 миллион тонна астық жинай алды. Қант қызылшасының рекордтық өнімі күтілуде, яғни 1,2 млн.тоннадан астам. Сонымен қатар, жоғары рентабельді дақылдардың пайдасына егіс алқаптарын әртараптандыру сәтті жүргізілді. 1,2 млн.тоннадан астам минералды тыңайтқыштар енгізіліп, элиталық тұқымдардың үлесі 7,1% — дан 9,5% — ға дейін пайыды құрады. Ал ауыл шаруашылығы техникасымен жаңарту деңгейі 4,5% — дан 5,5% — ға дейін ұлғайтылды.

Табыстың негізгі факторы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемінің 2023 жылмен салыстырғанда үш еседен астам ұлғаюы болды. Бұл коммерциялық қаражат пен қаржы құралдарын біріктіру, сондай-ақ ӘКК, АКК және ЕДБ қоса алғанда, әртүрлі арналар арқылы фермерлерге жылдық 5% жеңілдікпен несие беру арқылы мүмкін болды. Енгізілген кепілдік қарыз сомасының 85% — на дейін кепілмен қамтамасыз етілуі жеткіліксіз аграрийлер үшін қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік берді.

«Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы аясында отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 120 млрд.теңге бағытталды», — делінген хабарламада.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *