«Астана Жұлдызы» айналма жолы бойынша қозғалыс ішінара шектелетін болады

By Meirim Qogam Авг17,2024

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Астана Жұлдызы» айналмасы бойынша жол төсеміне жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті. Осыған байланысты 17-19 тамыз аралығында айналма жолда қозғалыс ішінара шектеледі.

Бұл ретте қозғалыс қоса берілген схемаға сәйкес екі бағытта да қамтамасыз етілетін болады.

17 тамыздан 18 тамызға дейін көліктер төменде көрсетілген бағыт бойынша жүреді:

— Тұран даңғылы, Хусейн бен Талал көшесінен «Астана жұлдызы» айналмасына дейін;

— Қабанбай батыр даңғылы Хусейн бен Талал көшесінен «Астана жұлдызы» айналмасына дейін.

Ал 18 тамыздан 19 тамызға дейін көлік қозғалысы мына бағытта болады:

— Қабанбай батыр даңғылы (әуежай) Мәңгілік Ел даңғылынан «Астана жұлдызы» айналмасына дейін;

— Астананың оңтүстік-батыс айналма жолынан «Астана жұлдызы» айналма жолына дейін (Қосшы қ. тарапынан).

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болдырмау мақсатында сапарларын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», — делінген хабарламада.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *