Астана қаласында 139 әлеуметтік нысанға жылу қосылды.
Қала әкімдігінің мәліметінше, елордада жылыту маусымы сыртқы ауаның белгіленген орташа тәуліктік температурасы +10°С және одан төмен болғанда бес тәулік ішінде басталады.
«Алайда, әлеуметтік нысандарды қосу олардың өтінімдері бойынша жылыту маусымы басталғанға дейін орындалады. Бүгінгі таңда орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне 139 әлеуметтік нысан қосылған», — деп жазылған әкімдік хабарламасында.