Трамп Мемлекеттік департамент пен Ұлттық барлау басқармасының басшыларын тағайындады

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Флорида штатының сенаторы Марко Рубионы өзінің болашақ әкімшілігіндегі Мемлекеттік департаменттің басшысы етіп тағайындады, деп жазады Ewronews.

Бұрын Рубио Қытай, Иран және Кубаны қоса алғанда, Американың «геосаяси жауларына» қатысты АҚШ-тың сыртқы саясатын қатаңдатуды жақтаған.

Сонымен қатар, консервативті Fox News комментаторы және бұрынғы конгрессмен Талси Габбард ұлттық барлау директоры қызметіне көтерілді.

Бұған дейін Трамп өзінің болашақ әкімшілігіне алғашқы тағайындауларды жариялаған болатын. Содан кейін ол Пентагон мен ЦРУ-дың жаңа басшыларын атады және Маскқа үкіметтің тиімділік департаментін басқаруды ұсынды.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *