Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде алтыншы орынға түсіп қалды

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алтыншы орынға сырғыды.

Әлемдік рейтингте алғашқы үштікте өзгеріс болған жоқ. Беларусь өкілі Арина Соболенко көш бастаса, поляк қызы Ига Швёнтек пен Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы, америкалық Кори Гауфф екінші, үшінші орында тұр.

Қорытынды жарыста финалға дейін жеткен қытайлық Чжэн Циньвэнь Е.Рыбакинаны ығыстырып, бесінші сатыға көтерілді.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 29-орнын сақтап қалды.

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина бұрынғыша 22-інші, Ю.Путинцева 111-орында тұрса, Жібек Құламбаева 150-ден 157-ге сырғыды.

Қазақстан әйелдер құрамасы 16-17 қарашада Астанада Билли Джин Кинг кубогының плей-офф матчында Оңтүстік Кореямен кездеседі.

Ерлер арасында Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде италиялық Янник Синнер алда тұрса, одан кейін германиялық Александр Зверев пен испаниялық Карлос Алькарас жайғасқан.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 34-орнында қалса, Александр Шевченко 64-тен 80-ге, Михаил Кукушкин 108-ден 113-ке төмендеді. Дмитрий Попко – 176, Тимофей Скатов 195-орында.

Жұптық сында Александр Недовесов 54-тен 58-ге, А.Бублик 120-дан 122-ге түсті.

 

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *