Астанада «Сергек» камералары арқасында жол-көлік оқиғасы 40 пайызға азайды

2017 жылы елордада «Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігінің интеллектуалды жүйесі алғаш рет енгізілді.  Қазір бас қалада мұндай 13 мың камера  жұмыс істейді.

 

Sergek Group коммуникация департаментінің директоры Асель Кужахметова айтуынша,  елордада «Сергек» жүйесі орнатылғалы бері жол-көлік оқиғаларының саны 40 пайызға азайған.

«Астанада «Сергек» жүйесі орнатылғаннан кейін жол-көлік оқиғаларының саны 40 пайызға, ал оның салдарынан болатын өлімнің саны 60 пайызға азайды. Қоғамдық орындардағы қылмыс саны 40 пайызға төмендеген, біз бұны «Sergek эффектісі» деп атаймыз»,- деді Асель Кужахметова.

Қазіргі уақытта «Сергек» камералары жол қозғалысы ережелерін бұзудың 19 түрін анықтайды. Мысалы, бағдаршамның қызыл түсіне өту, жылдамдықты арттыру, қозғалыс жолақтары мен белгілерін бұзудың бірнеше түрі автоматты түрде тіркеледі.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *