Қазгидромет синопиктері 17 қыркүйек, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Ауқымды антициклонның ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронттардың әсерінен найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.
Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
Абай облысының шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Қарағанды облыстарының шығысында, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында 1-4 градус үсік жүреді.
Барлық дерлік өңірде әлі де төтенше өрт қаупі сақталып тұр.