Астананың қай ауданы өмір сүруге қолайлы

Баспана таңдау кезінде елорда тұрғындары не нәрсеге назар аударады? Әдетте, көпшілігіміз құрылыс салушының қаншалықты сенімді екеніне, үйдің сапасына, оның орналасқан жеріне назар аударамыз. Инвестициялар және жылжымайтын мүлік нарығының халықаралық сарапшысы Лев Тетин елордалықтардың таңдауы туралы толығырақ айтып берді.

 

«Тұрғын үйді таңдау және ауданның перспективалық бөлігін анықтау кезінде бірнеше факторлар ескеріледі. Мысалы, ерлі — зайыптылар үшін өмір сүру үшін мектептер, балабақшалар, емханалар, дүкендер, дәмхана, дәріханалар сияқты нысандардың болуы маңызды. Жастар  үшін үйдің орналасқан жері үлкен рөл атқарады. Өйткені, уақыт — ең қымбат ресурс және көптеген адамдар оны кептелістерге жұмсағысы келмейді. Олар дамыған көлік инфрақұрылымы бар тұрғын үйлерді, соның ішінде автобус аялдамалары мен жол айрықтарының оңтайлы орналасуын қарастыруда», — дейді сарапшы.

Лев Тетениннің пікірінше, таңдау жасаудағы маңызды критерий -жасыл аймақтардың немесе саябақтардың болуы.
Ауданның тартымдылығын осы аймақтағы тұрғын үйге деген сұраныстың артуымен бағалауға болады. Өйткені, сатып алушылар пәтерлерді ғана емес, белгілі бір өмір салтын да сатып алады. Жылжымайтын мүлік сарапшылары елордада тұруға ыңғайлы бірнеше ауданды атады. Ол Есіл өзенінің жағалауы, Ботаникалық бақ, ЕХРО іскерлік орталығы және Нұрлы жол бульвары.

«Бұл аудандарда қаланың көптеген көрікті жерлері мен ойын-сауықтары бар, онда ірі сауда орталықтары, Ботаникалық бақ, «Бәйтерек» монументі, ЕХРО көрме орталығы, мәдени орталықтар, ескерткіштер орналасқан. Бірақ, ең алдымен, Есіл өзенінің жағалауын  атап өткім келеді. Өйткені бұл елорда тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орны. Онда қаланың көркем панорамалары, көше музыканттары, балалар аттракциондары бар. Тіпті, әдемі көріністі терезеден тамашалауға болады», — деп атап өтті Лев Тетин.

Біз  сарапшыға «Елорда қандай бағытта дамып келеді және қай аудан перспективалы?» деген сауал қойдық.

«Жапон сәулетшісі Кисё Курокава бас жоспардан басқа, ол қаланың дамуында осьтік симметрия құрды. Елорда әр түрлі бағытта дами алады және шектеуші факторлар жоқ. Бүгінгі таңда ең белсенді дамып келе жатқан екі ауданды атап өтуге болады. Ол Нұра ауданы бағытында және Нұрлы жол жаңа вокзал аумағы»,- деді ол.

Сарапшы жаңа вокзал аумағында Линейный парк салынып, өмір сүруге қолайлы жағдай жасалатыны туралы атап өтті.

«Біз кешенді құрылыс ауданның келбетін қалай қалыптастыратынын көріп отырмыз. Нұра ауданы да жасыл желегі көп ауданға  айналады. Алаңдар мен қоғамдық кеңістіктер абаттандырылып жатыр. Көгалдандыруға аудан тұрғындарының өздері де белсенді қатысуда. Сонымен қатар, Нұрлы жол жаңа вокзалының тез дамып жатыр.  Тұрғын үй кешендері, бизнес-орталықтар, қонақүйлер, мектеп және мектепке дейінгі мекемелері мен басқа да әлеуметтік-мәдени нысандар қамтылып, қаланың көпфункционалды және перспективалы ауданына айналып келеді»,- деді Лев Тетин.

Сарапшының айтуынша, бұл аудандардың шекаралары айтарлықтай кеңейетін болады. Бұл ретте қала тұрғындарының саны бойынша болжамдар тұрғын үй нарығының қарқынды өсуін болжауға мүмкіндік береді.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *