Екібастұздағы көпқабатты тұрғын үйлерге 1 қазанға дейін жылу беріледі

Қазіргі уақытта Екібастұз ЖЭО-дағы №1 турбинаны, №6, №7, №8, №11 қазандықтарды жөндеу аяқталды. Жылу беру маусымында жұмысты қамтамасыз ету үшін он қазандықтың алтауы 100% дайын. Үш қазандық агрегаты іске қосылды. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына барып, Екібастұз ЖЭО-дағы және жылумен жабдықтайтын магистральдік желілердің жөндеу жұмыстарын тексерді. Өңір басшысы ЖМ-1 және ЖМ-3 жылу магистральдарын реконструкциялау жұмыстарының аяқталуын тексерді. 28 қыркүйекке дейін мамандар желілерді жуу, толтыру жұмыстарын жүргізеді және гидравликалық сынақтан өткізеді.

Бүгінгі таңда кеншілер қаласындағы 79 әлеуметтік нысанның 75-і және 702 көпқабатты тұрғын үйдің 44-і жылуға қосылған. Ал 1 қазанға дейін көпқабатты тұрғын үйлерді қосу міндеті қойылды», — деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Ал Павлодар қаласының басшысы Хасар Хабылбеков жергілікті жылумен қамту мекемелеріне 30 қыркүйекке дейін облыс орталығындағы барлық көпқабатты тұрғын үйге жылу кіруі керек деген тапсырма берді.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың 27 қараша күні түнгі уақытта Екібастұз ЖЭО-сында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалды.

Биыл ҚР Үкіметі Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында жылу желілерін салуға 9 млрд теңге бөлді.

Клебанов пен Кан Екібастұз ЖЭО-сын қала билігіне өткізіп берді.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *