Бокстан әйелдер арасындағы үздіктер анықталды

Әйелдер боксынан Қарағандыда аяқталған «Мықтылар турнирінің» үздіктері белгілі болды.

 

Жарыстың «Ең үздік боксшысы» атағын әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы Алуа Балқыбекова иеленді.

«Жеңіске деген жігері үшін» аталымына жас боксшы Ангелина Витова лайық болды.

«Үздік бапкер» сыйлығы Долкунжан Камековке берілсе, «Үздік төреші» атағын Данара Ахметова жеңіп алды.

Айта кетелік, «Мықтылар турнирінің» қорытындысы бойынша жаңа маусымдағы Қазақстан құрамы жасақталады.

Әйелдер боксынан ұлттық құраманың бас бапкері – Елдос Сайдалин.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *