Ақтаудың іргесіндегі «Қаракөл» көліне қоқиқаздар ұшып келді

Қаракөл көліне қонған алғашқы қоқиқаздарды жергілікті тұрғын Азамат Сәрсенбаев видеоға түсірген. Әдетте қоқиқаздың түсі қызғылт болатынын ескерсек, бұл жолы олардың қауырсындары ерекше және сұр түсті.

— Қоқиқаздар неліктен сұр деген сұрақ туындап жатыр. Бұл олардың туған кездегі табиғи түсі. Олардың түстері қартайған сайын қызғылт немесе қызыл болып өзгереді. Оған қоқиқаздар жейтін балдырлар мен шаяндардың құрамындағы пигменттер әсер етеді, — деп жазды блогер өз жазбасында.

«Үстірт» мемлекеттік табиғи қорығы мамандарының айтуынша, «Қаракөл» көлінің аумағында құстардың 200 ден астам түрі кездеседі. Оның 20 түрі қазақстанның қызыл кітабына енген құстар. Соның бірі — қоқиқаз. Қоқиқаздар «Қаракөл» көлінде тынығып, демалып, одан әрі сапарын оңтүстікке қарай жалғастырады. Күзгі миграциясы қыркүйектен қазан айының соңына дейін жалғасып, 1 мыңнан 5 мыңға дейін ұшып келеді.

— Қазір «Қаракөл» көлінде миграция енді басталып жатыр. Ол қазан айының соңына дейін болады. Қыс жылы болса 10-15 бас қоқиқаз қыстап қалады. Себебі, көлдің суы жылы, әрі қорегі жеткілікті, — дейді «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы Жасқайрат Нұрмұхамбетов.

Бұған дейін, Маңғыстауда Қызыл кітапқа енген жабайы аң-құстардың жылына 15-20% көбейіп жатқанын жазған едік.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *