Ұлттар лигасы: Қазақстан бесінші ойынын бүгін Аустрияға қарсы өткізеді

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В дивизионындағы бесінші ойынын Алматыда Аустрияға қарсы өткізеді.

Ел құрамасы аталған турнирдің үшінші тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары — Норвегия, Словения және Австрия құрамалары.

Қазірге дейін қазақстандық футболшылар өз алаңында Норвегиямен 0:0 есебімен тең түсті. Одан кейін сырт алаңда Словенияға 0:3, Аустрияға 0:4, өз алаңында Словенияға 0:1 есебімен жол берді.

Аустрия және Қазақстан кездесуі елорда уақытымен 20.00-де басталады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама бұған дейін бес мәрте кездесті. Қазақстандық футболшылар екі мәрте қарсыласына есе жіберсе, екеуінде құрамалар тең нәтижеге қанағат білдірді. Алдымен 2010 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде А тобында 0:2 есебімен жеңіліп, 0:0 есебімен тең ойнады. Одан кейін 2012 жылы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде С тобында алдымен 0:0 есебімен тіркелсе, сырт алаңда қарсыласқа 0:4 есебімен жеңілді.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесоов алдағы кездесуге төмендегі ойыншыларға сенім артып отыр.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Тобыл»), Темірлан Анарбеков («Жеңіс»);

Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де – «Тобыл»), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Ұлар Жақсыбаев («Қызылжар»), Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Мейрамбек Қалмырза, Асхат Балтабеков (екеуі де – «Жетісу»);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан (екеуі де – «Ордабасы»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Аслан Дарабаев («Елімай»), Эльхан Астанов («Астана»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Ғалымжан Кенжебек («Акритас», Кипр);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Жан Әли Пайруз («Елімай»).

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *