Елордада олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары марапатталды

Елордадағы әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстардың жеңімпаздары марапатталды.

Қалалық Білім басқармасы, сондай-ақ «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырып өткізген бұл шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен мен қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев қатысып, дарынды жастардың талабына демеу, жігеріне жебеу көрсетті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша білім беру жүйесін жетілдіруге, білім беру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Қала әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмасын табысты орындау, сондай-ақ жыл сайын өсіп келе жатқан елорда тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін «Жайлы мектеп» жобасын іске асыруда. Биыл 10-ға жуық мектеп пайдалануға берілді.
Осылайша, 2027 жылға дейін 65 мектеп пайдалануға беріледі», – деді қала әкімінің орынбасары.

Іс-шарада 117 халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазы атанған 71 оқушыға (46 адам мектеп бітіріп кеткен) Астана қаласы әкімінің атынан алғыс хаттар және ақшалай сертификаттар табыс етілді.

 

 

 

By meirim

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *