АСТАНАДА АБАЙ КҮНДІГІ ӘСЕРЛІ БАСТАЛДЫ

«ТАМЫЗДЫҢ 10 ын» Астана қала тұрғындары жыл сайын Абай күні ретінде белгілеуді дағдыға айналдырған. Бүгінгі күнде аса ыстық емес, жанға жайлы болды.

Астана Әкімдігі әдейі көңіл бөліп, көптеген іс-шаралар ұйымдастырғаны көзге көрініп тұр. Ең алдымен Қала мәсиқатның Төр ағасы Ерлан Каналимов бастаған басшылар, оларды қостаған халық өкілдері, және депутаттар Абай ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым етті. Ұлттық ұландармен жалғасқан митингде Мәслихат Төр ағасы Ерлан Каналимов «Абайымызды әлемдік адам» деп бағалады, әрбір азамат асыл тұлғамызды танып біліп қане қоймай, адамзат баласының мақтанышына айналдыра алғаны тарихи оқиға деді. Жастарымыз Абайына еліктейтін заманға жеттік, бұл Тәуелсіздігіміздің арқасы дей келе Қала бойынша Абай күндігі жоғарғы дәрежеде белгіленіп, жалғасын таба беретінін айтты.

Бүгін Ұлттық Академия кітапханасында толығымен іс-шаралар өтетінін ескертті. Әрмен Ұлттық Кітаханада жалғасқан бұл шараға қоғам қайраткерлері, ақын жазушылар көптеп қатысты. Жас буын өкідерінің дайындығы ерекше болғаны көзге көрініп тұрды. Оның үстіне Абай күндігі іс-шарасына 20 дан мемлекеттердің өкілдері қатысып қуаныштарын бөлісті. Мерекенің ашылу рәсімін белгілі Абай танушы Тұрсын Жұртпай ашып, әйгілі жазушы Әлбек Асқаров, ақын Даулеткерей Кәпұлы бастаған қонақтар ойларын ортаға салды. Жиынға Абайдың немере қарындасы және туыстары қатысып сөз сөйледі. Шет ел қонақтарынан Түркия қонағы Абаймен мақтанатынын жеткізді. Іс-шара бағдарлама бойынша дөңгелек үстелмен жалғасып шеттің 6 мемлекеті атынан эфир арқылы қатысып, жылы сөздерін арнады.

Солардың ішінде Индонезия да Абай ескерткіші тұрғызылып, Абай тануды тұрақты насихаттайтындарын Видоемен хабарлапты. Аттап бассаң әрбір мекеме, ойын сауық орталықтарынан Абай үнімен, әні Абайын ортаға әкелгендей сезім тудырды. Осыдан соң Әдеби іс-шара аясында “Абай – тұтас бір әлем” атты кітап көрмесін ташалап оқырмандар сурағына жауап алды. Жағасып, «Адамшылықтың алды – махаббат, ғаділет, сезім» атты халықаралық дөңгелек үстел отырысы қызықты өтті. Соңында «Сен дебір кірпіш дүниеге..» поэзия кештігі жалғасып жастардың Абай тұралы шығармашылығы өз мәресіне жетті.

By meirim

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *