Франция мемлекетінің Париж қаласында Олимпиада ойындары өтіп жатыр.
Жарыста грек-рим күресінен тәжірибелі палуанымыз Демеу Жадраев 77 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп «күміс» жүлдеге ие болды.
Барша қазақ елінің үмітін ақтап, көк туымызды көкте желбіреткен ұлттық құрама спортшыларын Алматы қаласының әуежайынан туған-туыстары, БАҚ өкілдері, достары мен спорт саласының өкілдері құрмет-қошеметпен қарсы алды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді.
Айта кетейік, Егемен Қазақстан тарихында бұл салмақта (77 кг) бірде-бір спортшымыз Олимпиаданың финалында күреспеген.
Ол жартылай финалда Әлем чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері Санан Сулеймановты жеңді.