Астанада 1-сыныпқа 24 мыңнан астам бала қабылданды

Бұл туралы бүгін Астана қаласының Коммуникациялар қызметінде «Жаңа оқу жылына дайындық барысы» тақырыбында өткен брифингте қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Адылбаев айтты.

 

«Оқу жылының басында елордада 282 150 оқушы оқитын 187 мектеп болады.(110 мемлекеттік (233 006 бала), 70 жекеменшік (42 674 бала) және   7 республикалық мектеп (6 470 бала).Жаңа 2024-2025 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің бірінші сыныбына 28 мың баланы  қабылдау жоспарлануда. Бүгінгі күнде 24 100 бала қабылданды. Оқу жылының соңында қалада 8 үш ауысымдық және  бала саны шамадын тыс 16 мектеп болды. Мектептердегі орын тапшылық 27 800 мың оқушы орнын құрады» — деді басшының орынбасары.

Биыл бір ауысымда 49 790 мың орынға арналған 32 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.

«Оның ішінде бір ауысымда 30 290 мың орынға есептелген 21 мектепті жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қыркүйек айында бір ауысымда 15 850 мың орынға арналған 12 мектеп пайдалануға беріледі (3 – БИП, 8 – Жайлы мектеп, 1 – жекеменшік мектеп).Желтоқсан айында бір ауысымда 14 440  орындыққа арналған қосымша 9 мектеп (7 – Жайлы мектеп, 2 – жекеменшік мектеп) пайдалануға беріледі.Осылайша, биылғы жылдың соңына дейін үш ауысымда оқитын 6 мектептің, бала саны шамадан тыс 9 мектептің мәселелері шешілді» — деді Серік Адылбаев.

Қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасарының айтуынша, үш ауысымда оқитын 2 мектептің және бала саны шамадан тыс 7 мектептің орын тапшылығы мәселесі 2025 жылы шешіледі.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *