ЕСІМДЕР
69 жыл бұрын (1955) Қазақстан Республикасының Еңбегі сіңген жаттықтырушысы Елсияр Баймұхамедұлы ҚАНАҒАТОВ дүниеге келді.
ҚХР-дың Шәуешек қаласында дүниеге келген. 1977 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын және 2006 жылы «Қайнар» университетінің экономика факультетін тәмамдаған. Педагогика ғылымының кандидаты. Еңбек жолын 1977 жылы орта мектептің дене тәрбиесі мұғалімі болып бастады. 1979-1994 жылдар аралығында «Қайрат» спорттық-дене шынықтыру республикалық қоғамының орталық кеңесінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі, басқарма бастығы, орталық кеңес төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.1994-2006 жылдар аралығында жұмысын мемлекеттік қызметте жалғастырды. 1995-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Жастар, туризм және спорт министрлігінің дене шынықтыру басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Білім, мәдениет және денсаулық министрлігінің Туризм және спорт комитетінде бас маманы, бөлім бастығы, ҚР Туризм және спорт агенттігінің басқарма бастығы болып жұмыс істеді. 2001-2006 жылдары аралығында — ҚР Туризм және спорт агенттігі төрағасының орынбасары, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары. 2006 жылдан бастап 2010 жылдың ақпан айына дейін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Штаттық ұлттық командалар және спорттық резерві» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры қызметін атқарды. 2010 жылғы наурыз айынан бастап 2011 жылдың желтоқсан айына дейін — ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті төрағасының орынбасары. 2011 жылғы желтоқсан айында ҚР Туризм және спорт вице-министрі лауазымына тағайындалды. 2012 жылғы ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары. 2014 жылдың тамыз айынан бастап ҚР мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру ісі комитетінің төрағасы. 2014-2018 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру ісі комитетінің төрағасы болды.
52 жыл бұрын (1972) «BI – Holding»ЖШС директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Әбдірашитұлы ИСАБАЕВ дүниеге келді.
Целиноград қаласында (Астана) дүниеге келген. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, инженер-механик (1995); ҚР Қаржы полициясы академиясын, заңгер (2002); Халықаралық бизнес академиясын, іскерлік әкімшілендіру магистрі болып бітірген.
Еңбек жолы: «АзТЭК» ЖШС директорының орынбасары (1995-1998); «АБК-Жемчужина» ЖШС директоры (1998-2003); «АБК-Құрылыс» ЖШС құрылыс корпорациясының басшысы (2003-2007); «Bild Investments Group» компаниясы басқарма төрағасының орынбасары (2007-2010); «BI-Holding» ЖШС Байқау кеңесінің мүшесі (2010-2014); «BI Group Construction» холдингінің Басқарма төрағасы (2014-2015); BI Construction, BI Road Construction компаниясының Байқау кеңесінің төрағасы, «BI-Holding» ЖШС Директорлар кеңесінің мүшесі (2015 жылдан).
50 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментнің басшысы Данияр Мейрамұлы Ақжанов дүниеге келді.
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «экономист-маркетолог», «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: Қарағанды облысы бойынша кеден қызметінің қызметкері (1997-2007); жедел-кезекші қызмет бөлімінің аға маманы, ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті өткізу пункттері мониторингі өңірлік басқармасының бастығы (2007-2013); ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті «Достық» кеден бастығының орынбасары (2013-2014); ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті Контрабандаға қарсы күрес басқармасының бастығы( 2014-2014); ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық және кеден салаларындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының кеден саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының бойынша кірістер ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана (2014-2019); ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің органдарында жедел-іздестіру қызметі департаментінің жедел басқармасының басшысы (2019); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы (2019-2020); комитет департаментінің басшысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі (2020-2021); Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Департамент басшысы (2021-2022); Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы (2022 бастап). Экономикалық тергеу қызметінің Генерал-майоры 2023).
49 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қолдау вице-министрі Асқар Сақтағанұлы БИАХМЕТОВ дүниеге келді.
Ақтөбе облысында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «қаржы және несие» мамандығы бойынша, Қазақ заң академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша, Duke (АҚШ) университетін «саясаттану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1993–2004 жылдары облыстық қаржы басқармасында, «Профилакторий» ПК-да, Ақтөбе қаласының Салық комитетінде, қалалық әкімдікте, сондай-ақ Ақтөбе облысының қазынашылық және қаржы басқармаларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2004–2009 жылдары Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бастығы. 2009–2014 жылдары ҚР Конституциялық Кеңесінің бөлім меңгерушісі. 2014–2015 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры. 2015–2018 жылдары Ақтөбе облысының әкімінің орынбасары. 2019–2020 жылдары ҚР Премьер-Министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі.
2024 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
104 жыл бұрын (1920-1988) ақын Жұбан МОЛДАҒАЛИЕВ дүниеге келді.
Орал облысының Ақжайық ауданында туған. Орал ауыл шаруашылығы техникумын бітірген. 1940-1947 жылдары әскер қатарында болған. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1948-1952 жылдары — «Лениншіл жас» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары. 1952-1954 жылдары — Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші. 1955-1956 жылдары — «Қазақ әдебиеті» газеті редакторының орынбасары. 1957-1963 жылдары — «Жұлдыз» журналының бас редакторы. 1963-1971 жылдары — Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы. 1973-1983 жылдары — КСРО Жазушылар басқармасының хатшысы. 1979-1983 жылдары — Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы қызметтерін атқарған. 1983-1988 жылдары — шығармашылық жұмыспен айналысты. Алғашқы өлеңі Орал облыстық «Комсомол ұрпағы» газетінде 1939 жылы басылған. 1949 жылы «Жеңіс жырлары» деген атпен тұңғыш өлеңдер жинағы шыққан. Содан бергі жылдар ішінде «Нұрлы жол», «Жыр туралы жыр», «Ғашық көзбен», «Заман тынысы», «Байқоңыр баспалдақтары», т.б. барлығы 60-тан астам кітабы, әр кезеңде қазақ, орыс тілдерінде таңдамалы шығармаларының бір томдығы, қос томдығы, үш томдығы жарық көрді. Жұбан Молдағалиевтің ең танымал шығармаларының бірі «Мен – қазақпын» поэмасы 1964 жылы жарық көрген. Өзі дүниеден өткеннен кейін шығармаларының екі томдығы шықты. 1970 жылы «Кісен ашқан» поэмасы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына, 1978 жылы «Қыран дала» және «Сел» поэмалары үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. КСРО Қорғаныс министрлігі сыйлығының лауреаты және А.Фадеев атындағы алтын медальдің иегері. Көптеген шығармалары ағылшын, неміс, француз, поляк, испан, венгр, араб, моңғол, словак және басқа да тілдерге аударылған.
Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту, екі рет ІІ дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 1985 жылы «Қазақ КСР Халық жазушысы» құрметті атағы берілді.
100 жыл бұрын (1924-1988) белгілі сатирик, жазушы Шона СМАХАНҰЛЫ дүниеге келді.
Жамбыл облысының Талас ауданында туған. Қазақ ұлттық педагогика университетін бітірген. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
1943-1957 жылдары Жамбыл облысы Талас ауданында педагогикалық қызметте болған. 1957-1984 жылдары — «Мектеп» баспасының редакторы, «Қазақстан мұғалімі» газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, «Ара» — «Шмель» журналының фельетонисі, «Жазушы» баспасының редакторы, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Тұңғыш сатиралық өлеңдер жинағы «Тотияйын» 1959 жылы басылып шыққан. «Қу түлкінің сыбағасы», «Көріп жүр ғой көздерің, үкімін айт өздерің», «Шымшыма», «Ұры тіс», «Алтын жұмыртқа», «Ұр, тоқпағым, ұр», «Жүз шымшыма, қырық қышыма», «Қоңыраулы шеңгел», «Кездік», «Сандықтан шыққан шайтан», «Жымияды жеңешем», «Жасырайын несіне», «Өткірдің жүзі» сатиралық өлеңдер жинағы, тарихи тақырыпқа жазылған «Үміт жұлдызы» повесі жарық көрген. Бірқатар ән мәтінінің авторы. Орыс тілінде бірнеше кітабы жарық көрген. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен және медальдармен марапатталған. Алматы қаласындағы мектепке Ш.Смаханұлының есімі берілген.