Қызылорда облысында биыл 1 557 адам қызылша ауруын жұқтырды

Қызылорда облысында жыл басынан бері лабораториялық зерттеу нәтижесімен 1557 адамның қызылша ауруын жұқтырғаны нақтыланды.

Аталған аурудың басым бөлігі, 1364 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды. Оның ішінде 365 жағдай 1 жасқа толмаған сәбилер арасында тіркелген. Қалғанын ересек тұрғындар құрайды.

«Қызылша індетіне шалдыққандардың көпшілігі ауруға қарсы екпе алмаған. Олардың саны жалпы сырқаттанушылықтың 72,1 пайызына жетті. Науқастардың арасында екпе алғандары да кездесті. Алайда олар қызылшаға қарсы екпенің толық курсын алмаған. Салдарынан ағзада толық иммунитет қалыптаспаған. Облыс бойынша анықталған деректердің басым бөлігі (1233 жағдай) Қызылорда қаласының үлесіне тиеді. Ал аудандар бойынша Аралда — 74, Қазалыда — 61, Қармақшыда — 37, Жалағашта — 22, Сырдарияда — 8, Шиеліде — 79, Жаңақорғанда — 43 деректі құрайды. Облыс көлемінде қызылшамен сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша төмендеу тенденциясы байқалады», — деді Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *