Жеті атаны ұстайтын қазақтан өзге ел жоқ.
Мына ұйғыр халқы немересін алады.
Өзбек немересін алады.
Татарың мен түрікменде немересін алады.
Немере дегеніміз — туыс.
Немерені алғаннан адамның қаны бұзылады да, түрлі аурулар көбейеді.
Нәсіл өзгереді.
Жеті ата, Шыңғыс ханның заманында тоғыз ата болған. Оның ар жағында қанша жылдан бері келе жатыр, оны айтуға да болар.
Осы заңды сақтап қалу — біздің міндетіміз.
Мұны заңдастырып, ЮНЕСКО — ға ұсыну қажет.
Он ата, он бір атаны сақтаған рулар бар.
Жиырма атаны сақтап отырған рулар бар. Бүгінгі Монғолия, Қытай, Түркия қазақтары бұл жағынан үлгі көрсете алады. Оның үстіне осы өңірдегі қазақтар ар-ұятын, әдеп-ғұрпын, тілін дінін таза сақтаған халық.
Бұл — өте керек нәрсе.
Мұны қалайда НЕКЕ заңына кіргізу керек.
Өте қасиетті нәрсе.
Қазақтардың тектілікті дәріптеудегі бұлжымас қағида — некелену барысында тегіне қарау.
Ежелден, мейлі — ұл, мейлі, қыз жағы болсын, балалары мақұлдасудың алдында тегін анықтайды.
«Ол қандай жердің балалары, әкесі қандай, оның арғы тегі қандай» деп қудалайды.