Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің кейінге қалдырылған 18-тур ойыны өткізілді.
Бұл ойында елордалық «Жеңіс» және «Астана» командалары кездесті.
Турнир кестесінде екі команданың жағдайы түрліше болатын. Соңғы орынның бірінде келе жатқан «Жеңіс» үшін әрбір ұпайдың маңызы артып тұр. Бас бәйгеден үмітті «Астанаға» үш ұпай қажет.
Кездесу барысында «Астана» сапынан Джеффри Чинеду 52-минутта есеп ашқан еді. Дегенмен бұл есепті олар көп ұстап тұра алған жоқ. Ойынның 60-минутында «Жеңіс» ойыншысы Адилио таразы басын теңестірді.
Кездесуде командалар 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарасты.
Енді 22-турда 4 қазанда «Жеңіс» Қостанайдың «Тобылымен» кездессе, «Астана» Қарағандының «Шахтерімен» шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Ақтөбе» 16 жылдан кейін Қазақстан кубогының иегері атанды.