Жол апатына тосқауыл бар ма,-иә бар.

Жалпы жол апатын шығармаймын десе, шығармауға, аман жүремін десе, аман жүруге болады. Ортамызда осындай сабырлы, байыпты, «аман жүремін» деген асқақ рухты азаматтарымыз жоқ емес. Бізде солармен мақтанамыз. Ал, бес саусақ тең емес екені де түсінікті. Солай деп жауапсыздықтан, есалаңдықтан жылында он, жиырма мыңдап адамдарымызды өлтіре беруге болама? Сол өлген аламдардың артында қанша мың адам  қан жұтып, зар илеп қалып жатыр, біреудің анасы, біреудің жалғызы, қаншасы күйікпен о дүниеге аттанып та жатыр ,ойланайқшы!

  Алланың ажалына айтарымыз жоқ, оған көнбеске лажсызбыз. Дәл тізгіншілердің жауапсыздығынан адамдарды бұлай өлтіре беруге әсте болмайды. Авария шығармайтын, адамдарды өлтірмейтін «теңдесі» жоқ амал бар екенін айтып, Ішкі Істер министеріне ұсыныс жасадым. Бұл іске заң орны адамдармен бірге халық, қарапайым адамдар өзіміз көмектесіп, бірге жұмыс жасайтын болсақ сонда ғана нәтижеге жетеміз. Біздің негізгі бір қателігіміз заң ұйымдарынан халық алшақтап кеткендігіміз.  «Мені сақшылар, сот, прокурор, заң ұйымдары қорғайды», «мені қорғайтын сақтайтын полиция, сот, прокурор бар», «олар халықты қоғайтын ұйымдар» деп оларға сүйенуді мақсат тұтпайтынымыз өкінішті. Біз біріксек қане қылмыс азаяды. Біз тізігіншілерді қадағалайық, жүргізушілерге қатаң бақылау қояайық, қатты жүргізбейік, жол сызығын иректетпейік, ұялы телефонмен сөйлестірмейік, көнбесе қолындағы телефонын жұлып алайық, ренжісе кім кімге де жан керек, аман жүрейік қарағым! деп айтып түсіндірейік. Машина ұстап кележатқан кейбір азаматтар екі езуі екі жақта, құлақта құлақ қап, бір қолда сотка, әңгімені соққан, есақылсыз жүретінін көріп жүрміз. Кейде жол жөнекей отыра салғанда енді қашан өлер екеміз, үйімізге тірі жетсек екен деп алаңдайтын қалде тірлік етіп жүрміз. Қазіргі тізгіншілер көліктің қауіпсіздігіне, ақаулығына  мән бермейді, тіпті өздерінің білері де жоқ, тек тізгінге отырса болғаны. Бір кездегі тізгіншілеріміз қандай жауапты еді, тіпті жөндегенді қойып, шетінен құрастырып тұрғызып алатын, бүгінгідей авария жасап адам өлтірмейтін ғой. Ендігілер көлік айдаған адамның қаншама жауапкершілігі бар соның барлығын орындамақ түгіл, қаперіне де алмайды. Осындай тізгіншілердің ортасында жүрміз. Жауапсыздық шектен шыққан, бей-берекетсіз заман болды. Ұзақ жолда қалғып келе жатқандардың, содан болып әп-сәтте жан тапсырып жатқандар қаншалық. Тіпті өзі дұрыс болғанымен қарсы алдынан «көлденең көк атты пәле» қас қағымда адам жанын алатынын да  ескере алмаймыз, қырағылық, сақтықтан да қол үзіп барамыз. Мұның барлығы жауапкершіліктің жоқтығының кесірі. Әйтпегенде аман жүруде қаншалықты қиындық бар. Бүгінгі таңда жүргізушілер аса рухты, білімді, білікті, тәжірибелі, ысылған, шыңдалған адамдар болу қажет, осы тұрғыда тізгіншілерге қояатын критерииді жаңалау дұрыс.

   Бұл бір, екіншіде барлық жүргізушілер «мен аман жүремін, авария шығармаймын, адам өлтірмеймін», сол үшін ақырын жүремін, абай боламын деген рухты бойына қалыптастырулары керек. Егер де ондай рухсыз болса көлік жүргізбесін. Сонда өзіде өлмейді, өзгені де өлтірмейді. Егер аман жүремін десе,  аман жүреді, ешуақта адам өлтіріп обалына, артындағылардың көз жасына қалмаймын десе қалмайды, бұл тек рухты адамдардың қолынан ғана келеді. Мен бұларды әдейі қайталап, қарапайым тілмен жеткізіп отырмын. Рухты адамдар жауапты, жасампаз, іскері, өз маманын толық игереді. Амал қанша асқақ рухымыздан айырылған соң тірі өлікке айналдық. Рухты адамдар қателік жасамайды, әрбір іске жауапты келеді, рухсыз адам жауапсыз болады, не шықса солардан шығады. Рухсыз адамды адам деп көру, оған сенудің өзі жауапсыздық. Сондықтан Алланы аузына ала отырып, «аман жүремін» деп ант су ішу керек, сонда ғана дұрыс болады. Өйткені адам өмірі ойыншық емес. Ендігі жерде бәріміз жауапты болудан өзге жол жоқ. Егер мұндай асқақ рухты қалыптастыра алмаса көлік жүргізуді тоқтатулары керек екенін қайталап айтамын. Өркөкірек болғаннан не пайда, ондайларды бас басына жіберіп, адамдарымызды өлтірте беруге бола ма? Көлік жүргізу ең жауапты іс болғандықтан оларға құқық беруді бизнеске айналдырмау дұрыс. Адамдардың жаны тұрғы да әдейі ащы айтып отырмын, өйткені соңы жақсы болсын деген ізгі ниет.

  Тағы бір ойлаңыздаршы! Аман жүруден артық не бар, аман жүремін деген «асқақ рух» қане адамдарды сақтайды.  Ал қарала ағаш,  жол белгілері, жол бойындағы камераларды да естен шығаруға болмайды. Болғызамын десе, болмайтын нәрсе жоқ екені түсінікті. Қауіп, қатер жасамағандарға  сый-сыйапат жасауға, мадақтауға, тәжірибелерін бөлісуге, жүргізушілер арасына жүлде жариялап, мол сыйақы беріп тұруға әбден болады. Адам жаны болғандықтан ынталандырудан сақсынбауымыз керек. Ортаны жайлаған осы бір келеңсіз жағдайдан қашан шығамыз, соған дейін қамдана бергеннен өзге жол жоқ. Осылай адамның жанын сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасасақ неге жаман боламыз. Айтқанға көнбейтін, жалғыз жарым тентектерімізді неге жолға қоймаймыз, неге тезге салып отырмаймыз. Адам өлтірген адамға ешбір аяаушылық жоқ екенін алдын ала ескертіп қол хатын неге алмаймыз.

   «Авария шығартпаймыз, адам өлтіртпейміз» деген асқақ руқ полицияларда нақты қалыптасу керек. Онымен қоса басшыларға асқақ рух, жасампаздық, іскерлік, жауапкешілік ерекше қажет. Сонда ғана адам өлтіртіп, обалына қалмайтын боламыз. Осындай қарапайым тәсілдердің бәрін  қолданайық. 

Қазақ дәстүрінде алыс тан келген жолаушымен амандасқанда «жедел жүріп жеттің бе?» деп сұрайтын жосын жоқ. Керісінше «Аман келдің бе, ат-көлігің аман ба?» дейді. Бұл –  желмен жарысқан, қауіп-қатерге амырақ автокөлікпен жүретін заманнан алда қашан бұрын, қатері аз ат, түйемен қатынайтын заманның дәстүрі. Ендеше тұрмысымыз қатерге бейім көлікке байланған заманда Алламызды ұмытып, жүрегімізге шайтан ұялады, көзімізді шел басты. Аман жүріп келгеніміз естен шығып, тез жүріп келгенімізге мақтанатын болдық. Енді осыдан былай тез жүріп келгенімізге емес, аман жүріп келгенімізге мақтанайық, әрбір қазақтың басты қағидасы осы болсын!.  Бәріміз «аман жүреміз» деген асқақ рухты болайық, ағайындар!   Біз өзімізді өзіміз сақтамасақ, өзге ешкім сақтамайды. Дәл осы мәселе тұрғысында Үкімет адамдары да ойланар, адамдарды  аман сақтап қалу үшін игілікті істер жасар, бастама көтерер, мекеме, адам басымен жұмыс жасауды тапсырады деп ойлаймын. Бұл іс-шараны ең алдымен Астана қаласынан бастап, ары қарай барлық өңірлерде «Астана қаласы тәжірибесі» ретінде жалғастырсақ деген пікір де жоқ емес.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *