Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 483- 488 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 15 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 484,11 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,03 теңге.

Еуро — 528,79.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 485,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 487,6 теңге. Еуро 530 — 535 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 483 теңге, сатып алу құны — 488 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 535 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,00 — 5,11 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 14 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,34 теңгеге төмендеп, 484,52 теңге болған.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының бас сарапшысы Рамазан Досов теңгенің долларға шаққандағы бағамына қатысты өз ойын айтқан болатын.

Сондай — ақ, Қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов теңге құнының әлсіреу себебін түсіндірді.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *