Абай облысындағы Аягөз ауданы жылусыз қалды

Абай облысынағы Аягөз ауданында жылу өшіп қалды. 16 қазан күні сағат 15:00-де Аягөздегі жылумен жабдықтау желісінде апат болды. Д159 ысырмасы істен шыққан. Алайда қазандықтар жұмысын тоқтатқан жоқ.

Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, ақау сағат 16.00-де толықтай жойылған.

«Қазір жылу желілерінің температуралық параметрлері жинақталып жатыр. Жалпы, ауданда жылу желілерін тарту жұмыстары толығымен аяқталып, жылу магистральдық траншеясы толтыру жұмыстары жүргізілуде. Барлық нысан толық көлемде жылумен қамтамасыз етілген», — делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Аягөз ауданында әлеуметтік маңызы бар нысандар 5 қазанда орталықтандырылған жылумен жабдықталды. Тұрғын үйлер жылуға 15 қазанда қосылды.

 

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *