Үкілі хат немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерреш мырзаға

Құрметті Бас хатшы!

Бүгінгідей қиын қыстау кезеңде барша адамзат баласының сенімін арқалаған БҰҰ-ның беделі арта берсін! Жер бетіндегі барлық адамдардың бейбіт өмірі, алаңсыз тірлігі үшін жасап жатқан игі істеріңізге сәттілік тілеймін! 

Бұл күндері әлем халқын ерекше алаңдатып отырған қырғын соғысты ауыздықтап, бейбітшілік орнату және ортақ үйіміз — табиғатты қорғап қалуға деген игілікті қадамдарыңызды әр кез қолдайтынымызды және сіздерге осы бағытта әрдайым үлкен сенім артатынымызды қуанышпен жеткізгім келеді. 

Күллі Адамзат баласы, әлем халқы әсіресе көзі ашық көкірегі ояу жандар  бүгінгі әлем  беталысының қайда бара жатқанын  жақсы түсінеді деп ойлаймын. Дүниені кезген пандемея елесі мен түрлі жұқпалы аурулар, соңғы  кездегі кедейшілік, аштық, соғыс өрті, қаншама адамдарды жалмаған қауіпті сынақтар оңай болмады. Бұған биологиялық, химиялық, тіпті атом ядролық қарулар жайындағы қорқыныш пен қауіпті болжамдар барлығымызды қатты алаңдатып отыр. Тек қана соңғы екі-үш жылдағы тұтанған соғыс салдарынан қаншама адамзат баласы жапа шегіп, қайғы-қасірет шекті. Атың өшкір, тұтанған соғыс өртінен мыңдаған жылғы тарихы бар қаншама бейуаз халық, қайран азаматтар қырылып, жарық дүниенің жақсылығын көре алмай кетіп жатыр. Экономикадағы өркениетті даму мен ғылымға төңкеріс жасауға ұмтылған ұлы  мемлекеттер арасында бәсеклестік, текетірес өрши келе сауда соғысына айналды. Қайбір мемлекеттерді алып қарасақ та қоғамда азғындық, жалпылай бей-беректсіздік орын алды. Бүгінгі күні халық арасында  көралмастық, бақталастық, алаяқтық, жемқорлық, бірін-бірі қанаушылық пайда болды. Халықтың ортасында ақыл алатын, сөз тыңдайтын, береке мен бірлікке шақыратын, қысқасы «Құдайдан қорқатындар»  жоқ боп кете ме, деп алаңдайтын болдық. 

Құрметті  Антониу Гутерреш мырза! Адамзат баласы бүгін дәл осындай тығырыққа қалайша тірелді, не себеп болды, біз неден қателестік деген сұрақ туындайтыны заңдылық. Мен Сізге осы сурақтың жауабын қысқа да, нұсқа ұсынып отырмын. 

–Біз күні бүгінге дейін бір жаратушының бар екенін танып, біле алмадық. 18,0 мың ғаламды, бүкіл әлемді, тірлік иелерін, соның ішінде Адамзатты  бір жаратушы өзі жаратқанын мойындамадық. Ғаламды, аспан әлемін, жерді, табиғатты Жаратушы өзінің мейірімі арқылы жаратқанын сезінбедік. Алланың мейірімі болмаса барлығы жаратылмас еді. Және ғаламды, галактикаларды, жер әлемін жаратып, оны басқарып тұрған ұлы күш Жаратушының мейірімділік заңдылығы екенін дәлелдей алғамыз жоқ. Жаратылыс, табиғат, әлем, қоғам, жанды-жансыз дүние, тірлік иелері, адамзат баласы тек Жаратушының мұғжизасы мен келген мейірімділік заңдылығына сүйенетінін енді ғана түсіне бастады. Шынын айтар болсақ Жаратушының мейірімділік заңдылығы ол, теңдесі жоқ құдірет ұлы күш, шексіз ғылым. Бұл заңдылықты ешкім жасамайды, бұза да алмайды. Танып, біліп игерген сайын ырыздығын бере беретін, таусылмайтын, еш уақытта сарқылмайтын асыл қазына. Адамзат баласы осының қызығына бөленуі керек деп армандаймын. Адам баласы Алладан қорықпаса алдағы уақта не болмақ, мұнан да ауыр жағдайға тап болып, ақыр соңы жер бетінен құрып кетуіміз мүмкін. Сол үшін кешегі Социализимнің де, бүгінгі Капитализимнің де озық, жақсы тұстарына сүйене отырып бүгінгі қоғам саясатын мейірімділік заңдылығына ұштастыру арқылы Адамзат баласының алдағы жолын ашуға әбден болады деп ойлаймын. Осы тұрғыда Адамзат баласын Алланың мейірімділік заңдылығы жолмен жүруге шақырамын. Мейірімділік заңдылығы күллі Адамзатты бір біріне мейірімді ету мен қатар, Мемлекетер арасына жылулық, өзара түсіністік, сыйластық пайда болдыра алады. Әлем халқын тұтастыққа, бір мүддеге, әрбір азаматты аса ірі жауапкешілікке, азаматтық қоғамның тәрбиесіне жетелей беретін адамзаттың руханый күшіне айналады. Мұның жасампаздық, жақсылық тұстарын айтып, әрине тауыспаймыз. Ал иненің көзінің жасуындай да зияны жоқ екенін Қазақ халқының философиясы дәлелді. Жаратушының мұндай заңдылығы бар екенін бұрын соңды ғалымдар дөп басып айта алған жоқ, осы тұрғыда ғылымда жаратушыны, оның мейірімділік заңдылығын мойндаған емес. Сондығынан болып бүгігі Адамзат баласы тығырыққа тіреліп, алдағы тағдырына алаңдап отыр.

Сайып келгенде осындай жамандық атаулының  бәрі қандай мемлекеттің болмасын қоғамдық дамудағы бүгінгі саясаты, жүз мыңдап қабылдаған заңдар мен орнатқан заңдылықтарын  мейірімділік заңдылығымен ұштастыра алмағаны яғни гуманистік кемел қоғамға бет бұра алмағанында болып отыр. 

Сондықтан біз бастан кешкен кешегі формациялар мен бүгінгі  қоғамдық дамудың оңды тұстарына сүйене отырып, адамзат баласының алға дамуының ақ жолын ашуымыз қажет. Мұны  бүгінгі адамзат баласы ғана емес, күллі тіршілік иелері, табиғаттың өзі талап етіп отыр. Өйткені тығырықтан шығар жол іздейтін уақыт әлдеқашан келді, бұлай бола беруі мүмкін емес.   Егер алға дамудың (ізгіліктің) жаңа жолын қарастырмасақ бұдан да үлкен қиындыққа тап болуымыз мүмкін екенін қайталап айтқым келеді. Адамзаттың жаратушысы – жалғыз, яғни біреу ғана. Олай болса, күллі адамзат баласының тағдыры, мүддесі, мақсаты да біреу болуы тиіс. Сондықтан адамдардың да, діндердің де арасында қайшылық болдырмау үшін әлемдік деңгейдегі идеология қажет. Бұл жерде ғылым мен діннің бір тұтастығы адамзат үшін аудан да артық қажет боп отыр. 

Дәл бүгінгі күні күллі адамзат «Әлемдік ұйымдар ақылдасып, алға дамудың жаңа жолын ұсынады, БҰҰ-ы бастама көтереді» деген әділетті сеніммен әрі зор үмітпен сіздерге қарап отыр. Осы тұрғыда әлем халқының алға дамуына жол аша алатын «Жаратушының мейірімділік заңдылығы» жолы бар екенін еске салып отырмын. Бұл –адамдардың қолдан жасаған немесе ойлап тапқан заңдылығы емес, Ұлы Жататушының мұғжизасы, бұрын-соңды адамзат баласы танып білмеген, мойындамаған «Ұлы заңдылық». Бұл –  адамзат баласы үшін теңдесі жоқ ғылым, тығырыққа тірелген әлем халықтарының жолын ашатын негізгі жол. 

 

 Шын мәнінде қоғамдағы адамдардың мейірімділік қатынасы мейірімді қоғамға жеткізеді. Мейірімділік заңдылығы, адамдар арасындағы мейірімділік қатынас, мейірімді қоғам осы үшеуі адамзат баласының жолын түбегейлі ашады. Тығырыққа тірелген әлем халықтарының жолын ашатын өзге ешбір жол жоқ. Егер бар болса оны да сарапқа салар. Мейірімсіз дүниенің бәрі өтірік, жалған. Сондықтан Әлем халықтары Мейірімділік заңдылығын Мемлекет саясаты ретінде ұстануы қажет деп санаймын.  

  Осыған байланысты «Мейірім философиясы», «Мейірімді қоғамның қажеттілігі» қатарлы кітаптар, көптеген мақалалар жазғанымды және сайттар ашып, ашық әңгімелеп жүргенімді айтқым келеді.   Сондықтан Мейірімділік заңдылығы туралы мен ұсынып отырған «қазақ ілімін» арнайы зерттеп, әлем халқының кәдесіне жаратуыңызды өтінемін! 

Мен  адамзат баласын теңдесі жоқ осындай  жеңіспен жетістікке «Жаратушының мейірімділік заңдылығы»  арқылы БҰҰ ғана жеткізе алатынына сенімдімін.

Әрі осы еңбектің негізгі қағидат, түйінін түсінікті, көпке ортақ ету үшін ағылшын, орыс тіліне аудардым. Бұл заңдылықты күллі адамзат баласының игілігіне жарату мақсатымен әлемдік бейбіт өмір үшін күресіп келе жатқан Сіз басқарған БҰҰ-ның назарына ұсынып отырмын. Бұл ғылымды (ілімді) зерттейтін арнайы институт құрылуын дұрыс санаймын. Осы ұсыныс ой-пікірді жүзеге асыруға байланысты сұрақтарға жауап беруге, жәрдемші болуға дайын екенімді хабарлаймын!

 

Сізге деген ізгі ниет, зор құрметпен,

 Үзбен Құрманбайұлы

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *