Президенттің «Жаңа Қазақстан, Әділетті Мемлекет» құру мақстынның түп негізі жайлы

Адамзат баласы азғынға айналды, әлемді қырғын соғыс жайлады, қоғам тығырыққа тірелді, әділетсіздік пайда болды, бей-берекетсіздік белең алды… Мұндай жағдай өзімізде де көрніс берді, қаңтар оқиғасы, күнделікті айқай-шу, оның үстіне қымбатшылық т.б. айта берсек азғындық, көреалмаушылық, бақталастық, жемқорлық өрши түсті. Қазақ баласы естімейтін, көрмейтін, жиіркенішті іс, қылықтар пайда болды.

Неге бұлай болды? 

-Әрине, адамзат баласы Жаратушысын толық танып біле алмады, Құдайынан қорықпады. Күні бүгінге дейін Жаратушының мейірімділік заңдылығы бойынша жүре алмады, жүргенді қойып оны танып білуге талпынбады, өздерінің қолдан жасаған капитализм, социализм заңдылықтарымен жүрді, ақыры алысқа бара алмайтынымызға көзіміз жетті. Қоғамды қатегездік, сыбайлас жемқорлық жайлады. Шын мәнінде ізгіліктің шынайы жолын ашуға қазақ халқы өз үлесін қоса алған жоқ, қосуға мүмкүндік те болмады. Егер мыңдаған жылдар тарихы бар, өркениетті ұлы елдер қатарында болған болсақ, жаратылысты танып білудегі қазақтың философиясы, даналығы, ақыл ойы, түсінігі, парасаттылығы жетуші еді. Қысқасы, тірліктің ізгілік жолын ашатын бірден-бір дана халық қазақтар біздер едік. Бірақ тағдырдың тәлкегімен өзгелерден кем саналдық, егер артық болсақ сонда ғана тең саналатынымызды кеш ұқтық. Дегенмен игіліктің ерте кеші жоқ  әлі де жетер жетістігіміз, асатын асуымыз алда. Жуық арада Ғылым Академиясы қайта құрылып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлының «Жаңа-Қазақстан, Әділетті Мемлекет» құру бастамасын жүзеге асыруға кірісіп кеткені қуанарлық жағдай. Енді мемлекет басшысының қоғамды ізгіліктендіруге байланысты ұсынысын жүзеге асыру жолдарын анықтап, Мемлекетке ұсынуымыз керек. Қалай болғанда да Елдігімізді, Тәуелсіздігімізді қорғап сақтау үшін «Ізгіліктің» жаңа жолы қажет болып отыр. Осы тұрғыда Президентіміз бастама көтерді.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *