Жескенбі күні Грузияның Орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлаудың алдын ала қорытындыларын жариялады. Ол бойынша «Грузия арманы» партиясы 54% дауыс жинаған, деп хабарлайды ВВС.
Осы оқиғадан соң ел президенті Саломе Зурабишвили елде өткен парламенттік сайлауды «барынша бұрмаланған» деп бағалады.
Зурабишвили бұл мәлімдемені басты төрт оппозициялық күштермен кеңесіп барып жасады. Олар парламенттік сайлаудың нәтижесін мойындамай отыр.
«Мықты Грузия» оппозициялық коалициясының көшбасшысы Мамуки Хазарадзенің айтуынша, акция бейбіт түрде өтеді және оның барысында одан әрі әрекет ету жоспары жарияланады.
«Бүгін сағат 19:00-де ең басты құндылығы – өздерінің таңдауын жоғалтқан адамдарды күтеміз. Біз еліміздің әрбір азаматы мен сайлаушысының даусын қорғаймыз», — деді Хазарадзе.
Айта кетейік, экзитпулдардың мәліметтері бойынша, «Өзгеріс үшін» коалициясы екінші орында тұр (12,6%). «Бірлік – ұлттық қозғалыс» бірлестігіне кіретін, Михаил Саакашвили негізін қалаған «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» партиясы 11,6% дауыс жинады. Төртінші орында 7%-пен «Күшті Грузия» коалициясы тұр.
Өзге партиялар 5 пайыздық межені бағындыра алмады.