Аптаның басында Қазақстанның басым бөлігінде антициклон cілемі әл де ықпал етіп, күн негізінен жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің болжамынша, одан кейін еліміздің батыс және солтүстік-батыс аймақтарына Ресей жақтан келетін циклон әсер етіп, өзімен бірге жаңбыр, найзағай алып келеді. Осылайша, 9-10 қазан күндері батыста қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең солтүстік облыстарда түнде және таңертең тұман түседі.
Республиканың батысында ауа температурасы күндіз 12-18 градусқа дейін, ал солтүстік-батыста және солтүстікте 7-17 градусқа дейін төмендейді, қалған аумақта күрт өзгерістер күтілмейді.
Бұған дейін бүгін Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайтыны туралы жазған болатынбыз.